Статистика блога
195
Записей
3269
Обращений
143265
Посетителей
Областные Управления
(финансируемые из местного бюджета)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Regional news

Ұзынкөл ауданында жастарды ауылға тарту ісі жаңа қарқынға ие.

Шалғай ауылдарға жол тартқан жастар қатары қазірдің өзінде жетерлік.

Осындай ауылға бет бұрған жас мамандардың бірі – Рахим Истаев (суретте). Еңбек жолын Белоглин негізгі мектебінен бастаған ол болашақ көп жоспарын ауылмен байланыстырып отыр. Қаладан гөрі ауылда жұмыс істеген тиімді екендігін айтады.

- Қостанай индустралдық колледжін дене шынықтыру мамандығы бойынша тәмамдап, ауданға оралдым. Аудандық білім беру бөлімінің жіберуімен Белоглин негізгі мектебіне жұмысқа орналастым. Қазір ауылда өз мамандығым бойынша қызмет атқарамын. Жұмысым өзіме ұнайды. Келгеніме еш өкінбеймін. Мұнда толымды тәжірибе жинақтауға мүмкіндік мол. Бұл - жоғары деңгейлі маман болудың алғашқы баспалдағы деп ойлаймын, - дейді жас маман.

- Жастардың біразы ауылға келіп жұмыс істеуге қорқақтайды. Менің ойымша, еш қиындығы жоқ. Ынта мен жігерің болса, қай жерде болмасын жақсы жұмыс жасауға болады. Менің бұл ауылға сіңіп кетуіме ұжымымның тигізген үлесі зор. Алға қойған мақсаттарым да жетерлік. Басты мақсатымның бірі – шәкірттерімді білімге, жарыққа тәрбиелеу, алдымнан өткен шәкірттерімнің жақсы адам болып қалыптасуына назар салу.

Ұстаз – ерекше тұлға. Мектептің жаны мен жүрегіне айналып, шәкірт жүрегіне жол табу, қиыншылығы мен қызығы мол ағартушылық жолда атқаратын міндеттеріміз көп. «Ұстаз – талапты болса, шәкірті – талантты болады» демекші, біз ұстаз деген атқа лайықты болуымыз керек, сапалы білім беріп, саналы шәкірт тәрбиелеуімізге барлық жағдай жасалды, сенім артылды. Біз сенімді ақтауымыз керек, – дейді жас маман.

Султанбек КОЖАНОВ

фото түсірген

Султанбек КОЖАНОВ         

Отправить письмом