Статистика блога
196
Записей
2675
Обращений
128239
Посетителей
Областные Управления
(финансируемые из местного бюджета)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Regional news

На Землю пришла 73-я годовщина со Дня Победы советского народа над фашистской Германией в Великой Отечественной войне. Снова и снова в каждом уголке нашей Великой страны отдают дань Памяти тем, кто подарил нам безоблачное небо и мирную жизнь.

Солнце сияет и чист небосклон,

Скажем: «Спасибо, за то, что живем!»

Вам, ветераны, наш низкий поклон!

Вам, ветераны, слава!

9 мамыр күні Қазақстан халқы 73-ші рет Ұлы Жеңіс күнін атап өтті. Бұл мереке әр отбасына ыстық, өйткені соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеді. Әр отбасында соғысқа қатысып, жеңіспен оралған немесе ерлікпен қаза тапқан және оралмаған ата-әжелері бар. Қаншама адам тылда еңбек етті. Сұрапыл соғыста жеңіске жету жолында миллиондаған адамның өмірі қиылды, сондықтан адамзат өткен соғыстың құрбандарын жақсы біледі.

Алаң басына безендірілген автобус келіп тоқтады. Автобустан соғыс және тылда еңбек еткен еңбек ардагерлері шығып, салтанатты сахнаға көтерілді. Мұнда оларды аудан әкімі Қайрат Тынымбайұлы Абишев жылы лебізбен қарсы алды. Мерекелік шеру басталды.

На площадь заходит колонна узункольцев, работников государственных учреждений района, двух центральных школ. Впереди колонны традиционно движется Бессмертный полк. Ұрыста қаза болған аталарының портреттерін ұстап ұрпақтары оларды ұлықтау үшін, ерлігін бүгінгі ұрпақ ұмытпау үшін «Жеңімпаз-жауынгерлер» ескерткіші маңында орналасқан Мәңгілік алауға дейін жүріп өтті.

Потомки победителей несут портреты своих доблестных прадедов, на подушечках правнуки несут их боевые награды. За портретами славных узункольцев выстроились все 9745 молодых парней, по зову Родины и собственного сердца вставших на защиту своей Родины от беспощадного врага, каждый пятый из которых остался на поле брани или погиб в госпиталях от полученных ран.

Бессмертный полк – полк доблести и славы,

И память тем, кто не пришел с войны,

Прошедшим путь жестокий и кровавый,

Их подвиг забывать мы не должны!

Мерекелік іс-шара барысында Аудандық мәдениет үйінің бишілері майдандық тақырыбындағы би орындады, Бауржан Кабдуалиев ән орындады. Сосын алаң ортасында Жас жол инспекторларының облыстық байқауында 2 орын иеленген № 1 Ұзынкөл орта мектебінің жасағы өзінің саптық бағдарламасын орындады. Ұзынкөл аудандық комендатурасының    қызметкері сержан Мулдашев пен оның Сандара атты итінің орындауында «Мемлекеттік шекараны бұзушыны ұстау сәті» атты көрінісі жиналғандардың көңілдерінен шықты.

Содан соң мемлекеттік туды көтерген шекарашылар тобы және гүл шоқтарын қолдарына ұстаған ұзынкөлдіктер «Жеңімпаз-жауынгерлер» ескерткішіне қарай бет алды.

Аспан күңірейіп жұртпен бірге қабағын түсіріп тұр. Бүгін әр елді мекенде соғыстан оралмаған азаматтарын еске алып, олардың ерлігіне тағзым етуде. 73 жыл өтсін, жүз жыл өтсін, бірақ даңқты жерлестеріміздің ерліктері ешқашанда ұмытылмайды.

Қан майданда қаза тапқан боздақтардың ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес. «Жеңіпаз-жауынгерлер» саябағында құрбандар еске алынып, гүл шоқтары қойылды. Митинг барысында аудан әкімі Қайрат Тынымбайұлы Абишев, Ұзынкөл ауданының қорғаныс бөлімі басшысы подполковник Серғазы Аманкелдіұлы Жаркин, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Магомедрасул курбаналиевич Абидовтар сөз сөйлеп жиналған қауымды Жеңіс күні мерекесімен құттықтады.

- Ұзынкөл ауданы жерінен қанды майданға 9745 адам шақырылды, олардың 2239-ы ұрыс алаңдарынан оралған жоқ. Ұзынкөлдіктер Ұлы Отан соғыстың барлық ірі шайқастарына қатысты. Даңқты жерлестеріміздің арасында екі мәрте Батыр атағын иеленген Леонид Беда мен Иван Кирпиченко, «Даңқ» орденінің толық кавалері Әмреш Дарменов. Бірнеше жерлестеріміз отбасыларымен түгел соғыстан еліне оралмаған. Жеңіс тыл еңбектерінің күш-жігерлерімен де қаланды. Соғыстан кейін олар бар ынтамен бейбіт өмір құруға кірісті. Бүгінде ауданды көзі тірі 2 ардагер бар. Олар – Әнуар Мырзағалиұлы Жүсіпов пен Иван Яковлевич Азаровтар. Олар бүгінде жастардың тәрбиесіне мол үлес тигізіп жүр, - деді Қайрат Тынымбайұлы.

Минутой молчания почтили потомки узункольцев-победителей память тех, кто не вернулся с поля боя, кто умер позже от ран, кто отдал все свои силы ради блага человечества. В память павших героев были произведены три орудийных залпа.

Аудандық мәдениет үйі маңында бабалар ерлігіне бас иіп, бейбіт мерекені думандатқан ұзынкөлдіктерге шатыр тігіліп, сарбаз ботқасы пісіріліп таратылды. Ал кешке «Ол күндердің данқы өшпейді!» деген ұранмен мерекелік концерт өтті, соңында жастар үшін мерекелік би кеші ұйымдастырылды.

Д. Амрин.

Отправить письмом