Статистика блога
195
Записей
3269
Обращений
143265
Посетителей
Областные Управления
(финансируемые из местного бюджета)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Regional news

Несібесін жерден тапқан шаруа

Соколдық Сергей Кинебаев кезінде қожалық ашып, бүгінде соның жемісін көріп отыр. Несібесін жерден тапқан шаруаның қазір ісі өрге домалап тұр.

Сокол ауылының тұрғыны Сергей Жолмағамбетұлы 2002 жылы егін шаруашылығымен қоса жылқы өсірумен айналыса бастапты. Ол кезде мұндай кәсіппен айналысу үшін көп жағдай жасалмағанын айтады.

- Сол жылдары жұрттың бәрі өз ісін бастауға тырысты ғой. Мен де шетте қалып қоймайын дедім. Басында қожалықты үш адам болып қолға алдық. Бірақ қасымдағы екі жігіт үш-төрт жыл істеді де, көмектеспей кетті. Сосын оларға жерлерін қайтарып бердім де, өзім жұмысты жалғастыра бердім, - дейді «Кинебаев С.Ж.» шаруашылығының басшысы.

Сол кезде бастаған кәсіпті дөңгелетіп, бүгінгі таңда еңбегінің жемісін көріп отыр. Сонымен қатар Сергей Жолмағамбетұлы шөп шабумен де айналысады. Шаруашылықта бұл кәсіп үшін өз тракторлары бар. Осы жылы қыс айында Ұзынкөл несиелік серіктестік арқылы 2,5 млн теңгеге жер алқапын улайтын «Кобра» құрылғысын сатып алыпты. Бұл құрылғының көмегімен күніне 200 гектар жерді улауға болатынын айтып өтті. Сонымен қоса 3,5 млн теңге дән себетін агрегатын алып, биылғы көктемде бірінші рет осындай жаңа агрегат пен дән сепкенін айтты шаруа басшысы.

-Мемлекет тарапынан көмек болып отыр. Жұмыс жасаймын деген адамға үкімет қашан да қол ұшын созып келеді. Алдағы уақытта егінді жинап болған соң, тағы да несиеге жаңа дән жинайтын комбайн алуды көздеп отырмын, - деді Сергей Жолмағамбетұлы.

«Кинебаев С.Ж.» қожалығы бірнеше адамға жұмыс беріп отыр. Олар мал бағып, қазіргі кезде егін шабуға дайын отыр.

Султанбек КОЖАНОВ

Отправить письмом