Статистика блога
195
Записей
4291
Обращений
172231
Посетителей
Областные Управления
(финансируемые из местного бюджета)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Regional news

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

2019 ЖЫЛҒЫ 9 маусымда

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы

Сайлау учаскелерінде дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін болады

Сіздің сайлаушылар тізімінде болуыңыз сайлауға қатысу конституциялық құқығыңызды іске асырудың кепілдігі.

Сіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңіз Сізді сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізу үшін негіз болып табылады.

Сайлау учаскелерінің шекаралары 2019 жылғы 12 сәуірде өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Егер Сізге ағымдағы жылғы 10 мамырға дейін сайлау күні өзіңіздің тіркелген жеріңіздегі сайлау учаскесінде дауыс бермейтініңіз белгілі болса, Сіз әкімдікке уақытша болатын жеріңіздегі өзіңіз дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне Сізді енгізу туралы   жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылысыз.

20 мамырдан бастап Сіз тіркелген жеріңіз бойынша сайлау учаскесіндегі тізімдегі өзіңіз туралы деректердің дұрыстығын тексере аласыз. Қателіктер жіберілген немесе сайлаушылар тізіміне енгізілмеген жағдайда, Сіз учаскелік сайлау комиссиясына жүгіне аласыз, аталған комиссия өтінішті келіп түскен күні қарайды.

Сонымен қатар, елді мекеніңізден тысқары жерге баратын болсаңыз, Сізге дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі еліміздің кез келген учаскесінде дауыс беру мүмкіндігін береді. Есептен шығару куәлігін Сіз 25 мамырдан бастап 8 маусым күні сағат 18:00-ге дейін жазбаша өтінішіңіздің негізінде және жеке куәлігіңізді көрсете отырып, өзіңіздің тіркелген жеріңіз бойынша учаскелік сайлау комиссиясынан ала аласыз.

Бір елді мекеннің шегінде есептен шығару куәліктері берілмейді.

Дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссиясы есептен шығару куәлігіңіз бен сіздің тұлғаңызды растайтын жеке куәлігіңізді көрсеткен кезде, Сізді болатын жеріңіз бойынша сайлаушылар тізіміне енгізеді.

Егер Сіз сайлау күні денсаулығыңыздың жағдайына немесе отбасының сырқат мүшесін күтуіңізге байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын болсаңыз, Сіз 9 маусым күні сағат 12:00-ге дейін учаскелік сайлау комиссиясына үйіңізде дауыс беруді ұйымдастыру туралы жазбаша өтініш беруге құқылысыз. Сайлау учаскелері құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда тұратын сайлаушылар да бұл құқықты пайдалана алады. Учаскелік сайлау комиссиясы жазбаша өтінішіңіздің негізінде Сіздің үйіңізде дауыс беруді ұйымдастырады.

СІЗДІҢ ДАУЫСЫҢЫЗ МАҢЫЗДЫ!

ДАУЫС БЕРУГЕ ҚАТЫСЫҢЫЗ!

Отправить письмом