Блог статистикасы
195
Жазбалар
4924
Өтініштер
194790
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Жасыл Экономика

Қазақстанда «жасыл» экономиканың даму тұжырымдамасы

Президент Н.А. Назарбаевтың бастамасы бойынша «Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі Тұжырымдама әзірленді және 2013 жылғы 30 мамырда қол қойылды. Тұжырымдамада бірінші кезекте басты түрде экономиканың белгілі бір салаларын реформалауға бағытталған басым міндеттер тізбесі ұсынылды.

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасы Қазақстан Халқының әл-ауқатын, өмір сүру сапасын арттыру және елдің әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіруі арқылы қоршаған ортаға түсетін жүктеме мен табиғи қорлардың тозуын барынша азайта отырып, жаңа тұрпаттағы экономикаға көшу мақсатында терең жүйелі жаңартулар үшін негіз қалайды.

Тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңде жоспарланады:

  • бірінші кезең - 2013–2020 жж. – қорларды пайдалануды оңтайландыру және табиғат қорғау қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ «жасыл» инфрақұрылымды құру;
  • екінші кезең - 2020–2030 жж. – табиғи қорларды тиімді пайдалану, жоғары технологиялар базасында жаңартылатын энергетиканы енгізу;
  • үшінші кезең - 2030–2050 жж. –олардың жаңартылуы жағдайынданегізіген табиғи қорларды пайдалану қойылған, ұлттық экономиканың «үшінші өнеркәсіптік төңкеріс» қағидаттарына көшуі.

Су қорларын орнықты пайдалану, орнықты және өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығын дамыту, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, электр энергетикасын дамыту, қалдықтарды басқару жүйесі, ауаның ластануын азайту және экожүйелерді сақтап қалу және тиімді басқару бағыттары бойынша «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі іс-шаралар Тұжырымдамаға сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Есептеу бойынша 2050 жылға қарай «жасыл экономика» шеңберіндегі жаңартулар жалпы ішкі өнімді 3 пайызға қосымша ұлғайтып, 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға, өнеркәсіп пен қызмет көрсетулердің жаңа салаларын қалыптастыруға, халық үшін сапалы өмір сүру стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Нұрсұлтан НазарбаевҚазақстан Республикасының Президенті:

- «Жасыл» энергетикаға көшу, «жасыл» технологияларды енгізу – бұл ғаламдық экономиканың дамушы векторы. Қазақстан көмірсутектерді қоса алғанда, біздің жер қойнауымызда орасан зор табиғи байлықтардың болуына қарамастан, жаңартылатын энергия көздерін белсенді түрде дамыту ниетінде. Біздің «2050-Стратегиямызда» сондай міндеттер қойылды. Біз жыл сайын «жасыл жаңғыртуға» ұлттық ЖІӨ-нің 2%-ы көлемінде қаражат инвестициялауды ойластырудамыз. Осының барлығы «жасыл» экономикаға көшу Тұжырымдамасында көрсетілді және бізбен қабылданды

Тұжырымдама бекітілді, міндеттер белгіленді, қаражаттар анықталды. Аз ғана жұмыс қалды – сананы «көгалдандыру». Үнемдеу және энергия қорларына ұқыптылық катынас әрбір қазақстандықтың өмірлік қағидаты болуы керек. Өйткені «Табиғат – біз бабамыздан мұраға алған емес, ұрпағымыздан қарызға алған нәрсе».

«Жасыл» экономика дамуының жеті негізгі бағыттары

Бірінші бағыт – жаңартылатын энергия көздерін енгізу.

Пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие болады. Біздің мемлекет табиғи қорлары өте бай ел ретінде танылған. Мұнай, газ – бүкіл дүние жүзінде ең ірі энергетикалық қорлардың бірі ретінде сыныпталады, бірақ тіпті олардың өзі уақыты келгенде сарқылады, демек өмір үшін жаңа қорлар табу қажет. Бұл ретте Қазақстанның жақсы экожүйеге, жер қыртысына және орманға ие болуы айғағы басқа елдер алдындағы өзінің ұстанымын айтарлықтай арттырады.

Екінші бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі.

Қалалық тұрғын үй қорының маңызды бөлігі кеңестік дәуірден кейінгі уақытта салынғандықтан, тұрғын үй кешендерінің көпшілігі тиімсіз жылу изоляциялық құрылымдармен және жылумен қамтамасыз ету жүйелерімен жабдықталған, ол маңызды жылу шығындарына алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда жылумен қамтамасыз ету аспаптарының жұмысының істен шығуы саласындағы іс-шараларды жүзеге асыратын энергия сервистік компаниялары әрекет етеді.

Үшінші бағыт – ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы

Бірінші кезекте бағыттың аталмыш түрі әр түрлі азық қоспаларынан, синтетикалық тыңайту өнімдерінен (пестицидтерден) бас тартуды қарастырады. Дақылдық өсімдіктердің шығымдылығын, өсуін қамтамасыз ету үшін органикалық тыңайтқыштарды пайдалану туралы сөз болып отыр. Ауыл шаруашылығын «көгалдандыру» табиғи қорларға зиян келтірместен, халыққа азық-түлікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан мынадай бағыттар бойынша әрекет етуді жоспарлайды:

  • жердің құнарлылығын басқару;
  • суды тиімді пайдалану;
  • өсімдіктер және жануарлар денсаулығын басқару;
  • фермаларды механикаландыру. 

Төртінші бағыт – қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру

Қалдықтарды басқару мәселесі ерекше танымалдылыққа ие болды. Лас көшелер, үйінділер және қандай да бір болып жатқанға бақылаудың жоқтығын жиі кездестіресіз. . Қалыптасқан жағдайларға байланысты қалдықтарды өндірістік өнімнің қайталама өнімі ретінде пайдалану ұсынылған. Осылайша, мысалы қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді қайта өңдеу және балама отынды алу технологиясы Алматыда іске асырылуда.

Бесінші бағыт – су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру

Су адамзаттың өмір сүруін және экожүйелердің тұтастығын қамтамасыз етудің шешуші табиғи құрылымы болып қала береді. Осыған байланысты су қорларын тиімді пайдалану орасан ауқымға ие болатын мәселе болып қала береді.

Алтыншы бағыт – «таза» көлікті дамыту

Қазақстандағы тасымалдардың көпшілігі дизелде/бензинде жүргізіледі. Қазіргі уақытта тасымалдардың басым бөлігі бензин (дизель) негізінде жүзеге асырылады. Бірінші кезекте бұл парник газдарының жоғары шығарындыларына жағдай жасайды.

Жетінші бағыт – экожүйелерді сақтау және тиімді басқару

Осы бағыттағы қызмет басты түрде біздің елдің бірегей табиғат байлығын сақтауға бағытталған.

«Жасыл» экономиканы дамыту бағдарамасы аясында, Қазақстан экономиканың 10 шешуші секторына құралдарды инвестициялауды жоспарлайды:

  • ауыл шаруашылығы;
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;
  • энергетика;
  • балық аулау;
  • орман шаруашылығы;
  • өнеркәсіп;
  • туризм;
  • көлік;
  • қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу;
  • су қорларын басқару.



Бүгінде әлемдік инновацияның 40 % «жасыл» экономикаға, ал олардың ішінен 50 % «жасыл» экономиканың шешуші факторлары болып табылатын энергия үнемдеу мен энергия тиімділігіне келеді. Энергетика экономиканың бәсекеге қабілеттігі мен қауіпсіздігіне, біздің үйдегі жылу мен жарыққа ғана емес, сондай-ақ 50 % ластағыш заттардың шығарылуына және 70 % парниктік газдардың (ПГ) эмиссиясына жауапты. Яғни энергия сыйымдылығының деңгейі ұлттық экономиканың экологиялық және климаттық құраушыларымен анықталады. Бұл көрсеткіш бойынша энергия сыйымдылығының әлемдік рейтингінде Қазақстан сегізінші, ал Ресей он бесінші орынды алады. Яғни энергия тиімділігі – біздің экономикамыздың осал жері.

хат жіберу