Блог статистикасы
195
Жазбалар
3169
Өтініштер
139094
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Тарихи анықтама

Ұзынкөл ауданы Қостанай облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Ол Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығы негізінде 1939 жылдың 16 қазанында құрылған. Аудан орталығы Демьяновка (қазіргі Ұзынкөл) селосы бекітілген.Ресей Федерациясының Қорған облысымен шектеседі. Аудан аумағы 7,15 мың шаршы шақырым. 53 елді мекенде 25646 адам тұрады. Аудан әкімшілік орталығы Ұзынкөл селосында шамамен 5876 тұрғыны бар. Құрылған ауданның алғашқы партиялық ұйымына кірді А.П.Трубов, П.Ф.Иванов, Г.Д.Мукашев, К.Омаров, А.Шулданов, Ж.Джумабаев. Аудандық атқару комитетіне А.С.Жамалетдинов,  Л.И.Сивченко, П.Е.Литвиненко, Н.Я.Ивановалар бекітілді. Ұлы Отан соғысы кезінде 7945 азамат шақырылды, оның 2234—хабарсыз кетті. Олардың ішінде  Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте иеленген Л.И.Беда, Кеңес Одағы Батыры И.П. Кирпиченко, «Даңк» орденінің   толық иегері Аміреш Дәрменов. Үш жауынгердің тас мүсіні аудан орталығында бүгінгі ұрпақтарға сол жалынды жылдары туралы үнемі естеріне салып тұрады.

Мыңдаған тыңшыларды ауданымыз қабылдады. Тың және тыңайту жерлерді көтеру жылдарында. Оның аумағында тыңшылардың алғашқы совхоздары құрылды. Ол «Суворов», “Бауман”, т.б., ірі көлік жүйесіне айналды Троебрат селосы. Аудан экономикасында айтарлықтай орын алатын аграрлық сектор қарамағында 335 мың гектар егістік жер бар. Жыл сайын аудан 170-190 мың тонна дәнді дақыл алады.

70 жылдық тарихы бар ауданымыз, өз тұрғындарының көмегімен, ауылшаруашылық дақылдардың ірі жабдықтаушысына айналып отыр. Бұл әрине Қостанай облысының экономикасында елеулі рөл атқарады. Аудандық партия комитетінің хатшылары болған К.А. Запорожский, Н.С. Кондрашкин, В.Н. Налитов, Л.В. Стороженко, В.И. Шебеда, аудандық орындаушы комитеттердің төрағалары болып жұмыс істеген В.В. Кружков, К.К. Әлжапаров, Б.Д. Дошанов, К.К. Тоқбаев, С.Ж. Талдыбаев, Е.М. Мұсағұлов, В.В. Комаров, Р.М. Жұмақұлов, аудан әкімдері болған С. Құрманғалиев, С.А. Ахметов, А.Қ. Сейфуллин, Т.Ж. Ташмагамбетов, А.С.Ыбраев, Қ.М. Сарсембаев ауданның дамуына елеулі үлес қосқан. Қазіргі уақытта үлкен шаруашылық жұмыстарының қамы Қайрат Тынымбайұлы Абишевтың мойнында. Аудан тұрғындарының жалпы саны – 25 мың адамнан астам.

Сонымен қатар, әлеуметтік орта да өте үлкен көңіл бөлуді қажет етеді. Олар: мектептер, ауруханалар, медициналық  бөлімшелер. Шағын бизнес субьектілері, мәдениет, спорт объектілері үнемі әкімнің қадағалауында. Аудан көз алдымызда өзеріп, көркем және көзге жағымды болды. Аудандық аурухана жөнделді, алшақ ауылдарда тұратын балаларға арналған Орталық ашылды, мектептер компьютермен жабдықталды, ауданға интернет желісі де келді. Аудандық акимат көлік және байланыс мәселеріне аса үлкен көңіл бөледі. Қазіргі таңда тіпті ең шалғайдағы ауылдар телефон байлнысымен жабдықталған, автобустық  қатынастар  да жөнге келтірілді. 

хат жіберу