Блог статистикасы
195
Жазбалар
5016
Өтініштер
202813
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Ұзынкөл аудандық бөлімшесі хабарлайды

Ұзынкөл аудандық бөлімшесі, электрондық үкімет порталы (ЭҮП) арқылы:

Бала тууына және бала бір жасқа жеткенге дейін оның күтімі бойынша жұмыс істемейтін азаматтарға жәрдемақыны;

Бала тууына жәрдемақы және бала бір жасқа жеткенге дейін оның күтімі бойынша жұмыс істейтін азаматтарға әлеуметтік төлемді;

Жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны;

Мемлекеттік базалық зейнетақылық төлемді;

Жұмысынан айырылған жағдайына байланысты әлеуметтік төлемді тағайындауға үндеу жасау мүмкін екенін хабарлайды.

Тәуліктің әр уақытында өтініш беруші тек қана Интернетке қолжетімділігі және электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болған жағдайда қызметті «үйден шықпай» ала алады. ЭЦҚ-ны алу үшін жеке куәлігімен ХҚКО-на үндеу жасау қажет, өзімен бірге флеш – жинақтауыш болуы тиіс. ЭҮП-на үндеу жасау барысында төлемдерді тағайындау үшін қажетті мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен автоматты түрде келіп түседі. Өтініш берушіге тек қана электрондық өтінішті толтыру қажет. Қызмет алушы өз үндеуінің қарастыру барысын өзі қадағалай алады.

Сол уақытта ЭҮП арқылы жоғарыда айтылған қызметтерді ХҚКО бөлімшелерінде алуға мүмкін, ХҚКО қызметкерлері төлемді тағайындауға электрондық үндеуді қалыптастыруға көмектеседі.

ЭҮП арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша толық ақпарат «электрондық үкімет» www.egov.kz интернет ресурсында орналасқан.

Берілген ақпаратты газет беттерінде орналастыруды сұраймын.

хат жіберу