Блог статистикасы
195
Жазбалар
5016
Өтініштер
202813
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Жиынтық зейнетақы туралы

Жиынтық зейнетақы туралы

Бүгінде қазақстандықтардың жиынтық зейнетақысы екі төлем көзінен құралады. Бірі - мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық және ортақ зейнетақы болса, екіншісі – БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары есебінен жүзеге асырылатын зейнетақы төлемдері.

Базалық зейнетақы барлық зейнеткерге төленеді. Алайда оның мөлшері 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтіліне және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты есептеледі.

Егер зейнеткердің жалпы еңбек өтілі 10 жыл және одан төмен болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды. 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 пайызына ұлғайып отырады. Ал 33 жыл және одан жоғары болған жағдайда базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең болады және одан асырылмайды.

Ортақ зейнетақыға 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін кемінде 6 ай еңбек өтілі бар азаматтар үміт арта алады.

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері мемлекеттік зейнетақы секілді 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын төленіп жатыр. Зейнетақы жинақтары жарналардың міндетті түрлері есебінен қалыптасады.

Зейнетақы төлемдерін алушы өтініш берген күні, оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сома алушыға бір рет толығымен төленеді (2018 жылы – 404 940 теңге).

Бүгінде зейнеткерлерге берілетін зейнетақының 80-85 пайызы мемлекеттік зейнетақыдан (базалық және ортақ).

Бірақ, жағдай біртіндеп өзгереді және жинақтардың рөлі арта түседі. 2040 жылдары 1998 жылға дейін еңбек өтілі жоқ азаматтар зейнетке шыға бастайды. Сәйкесінше олар өздерінің жинақтарына және базалық зейнетақыға ғана үміт арта алады. Базалық зейнетақының өзі қазіргі уақытта жарналардың БЖЗҚ-ға тұрақты аударылуына тәуелді.

Ортақ құрамдауыштың орнын біртіндеп жинақтаушы құрамдауыш басады.

Сондықтан міндетті зейнетақы жарналарын Қордағы жеке зейнетақы шотына тұрақты аударып тұру және жұмыс берушінің жарналарды Қорға уақытылы аударып тұруын қадағалау өте маңызды. Бұл ретте жұмыс берушіден алатын деректерді зейнетақы шотынан алынатын үзінді-көшірмемен салыстыруға болады. Сонымен қатар мүмкін болса ерікті зейнетақы жарналарын аударып тұрған абзал.

1998 жылға дейін еңбек өтілі жоқ азаматтардың болашақ жиынтық зейнетақысы мемлекеттік бюджеттен төлентін базалық зейнетақы мен БЖЗҚ-дан еңбек қызметі кезінде аударған жарналар есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінен құралады.

хат жіберу