Блог статистикасы
195
Жазбалар
4944
Өтініштер
198197
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Әйелдер үшін зейнеткерлік жастың өзгеруі


"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңына сәйкес, 2018 жылдан бастап 2027 жылға дейін әйелдердің зейнеткерлік жасының кезеңмен жоғарылауын көздейтін, норма 2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Ол 10 жыл ағымында біртіңдеп, жыл сайын алты айдан жүзеге асырылып отырады.
2018 жылдың 01-шілдесінен бастап, зейнетақы жүйесінде қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын, базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау әдістемесінің өзгеруі көзделеді. Базалық зейнетақы жалпы белгіленген зейнеткерлік жасына жеткен азаматтарға ғана тағайындалатын болады: ер адамдар үшін 63 жас, әйел адамдар үшін 58 жас және 6 ай.
Зейнетақы өтіліне не кіреді:
Зейнетақы өтіліне: ынтымақты жүйесінде жинақталған, 1998жылдың 01 қаңтары жағдайына еңбек өтілі; міндетті зейнетақы жарналары төленген аралықты қарастыратын жинақтау өтілі; бала үш жасқа толғанға дейінгі, жастайынан мүгедек баланың 16 жасқа дейінгі күтімі; әскери қызметкермен, арнайы мемлекеттік органының қызметкрімен, дипломатиялық жұмыскерлер мен т.б. бірге тұрған уақыты.
Бұл өзгерістер 2018 жылдың 01 шілдесінен бастап базалық зейнетақысына қайта есептеулер жүргізілетін зейнеткерлерге және жаңадан зейнеткерлікке шығатын зейнеткерлерге таралады.
Зейнетақыны есептеу әдістемесі:
Егер азамат небәрі 10 жыл жұмыс істеп және БЗЖҚ аударымдар аударған болса, немесе мүлдем жұмыс істемесе, оған базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ы мөлшерінде тағайындалады.
10 жылдан жоғары әрбір жыл үшін оның мөлшері 2%-ға жоғарылап отырады. Мысалы, 20 жыл қатысу өтілінде болған жағдайда базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74%-ын, 30 жыл - 94% құрайды. Еңбек өтілі 33 жыл және одан көп жылды құрайтын болса, базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100%-ын құрайды.
Зейнеткерлік жастың жоғарылауы кімдергеқатысты емес:
Қазақстандағы зейнеткерлік жасытың жоғарылауы қазіргі кезде зейнеткерлікке ерте шығу бойынша жеңілдігі бар әйелдерге қатысы жоқ. Бұл бес және одан көп бала туған (асырап алған) және олардың он сегіз жасына дейін тәрбиелеген әйелдер. Олар 53 жасқа толғанда жасы бойынша зейнетақы төлемдеріне құқығы бар. Сонымен қатар, 1949 жылдың 29 тамызынан бастап 1963 жылдың 05 шілдесіне дейінгі кезеңде төтенше және максималды радиациялық қауіпі бар аймақтарда кем дегенде 5 жыл уақыт тұрған әйелдер 45 жасқа толғанда жасы бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындауға құқықтары бар.
Зейнетақы рәсімдеу үшін жүгінудің мерзімдері бойынша:
Егер зейнеткерлік жасқа (58 жас) әйел 2017 жылдың 10 қарашасында толып, 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындауға өтінішті уақытында білдірмей, 2018 жылдың 1 қаңтарында келсе, онда «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтінішпен және құжаттар пакетімен тек 58,6 жасқа толғанда өтініш бере алады.

Зейнеткерлік жасты кезең-кезеңмен жоғарылату кестесі

Жыл

Зейнеткерлік жас

Туған күні

2018 жылғы                      1 қаңтар

58 жас 6 ай

1960 жылғы 1 қаңтардан бастап 1960 жылғы

30 маусымға дейін

2019 жылғы                      1 қаңтар

59 жас

1960 жылғы 1 шілдеден бастап 1960 жылғы

31 желтоқсанға дейін

2020 жылғы                       1 қаңтар

59 жас 6 ай

1961 қаңтардан бастап 1961 жылғы

30 маусымға дейін

2021 жылғы                       1 қаңтар

60 жас

1961 жылғы 1 шілдеден бастап 1961 жылғы

31 желтоқсанға дейін

2022 жылғы                       1 қаңтар

60 жас 6 ай

1962 жылғы 1 қаңтардан бастап 1962 жылғы

30 маусымға дейін

2023 жылғы                        1 қаңтар

61 жас

1962 жылғы 1 шілдеден бастап 1962 жылғы

31 желтоқсанға дейін

2024 жылғы                         1қаңтар

61 жас 6 ай

1963 жылғы 1 қаңтардан бастап 1963 жылғы

30 маусымға дейін

2025 жылғы                          1қаңтар

62 жас

1963 жылғы 1 шілдеден бастап 1963 жылғы

31 желтоқсанға дейін

2026 жылғы                         1қаңтар

62 жас 6 ай

1964 жылғы 1 қаңтардан 1964 жылғы

30 маусымға дейін

2027 жылғы                         1қаңтар

63 жас

1964 жылғы 1 шілдеден бастап 1964 жылғы

31 желтоқсанға дейін

хат жіберу