Блог статистикасы
195
Жазбалар
4942
Өтініштер
198110
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Архив Жаңалықтары

Ұзынкөл ауданының «Азаматтарға арналған үкімет» «мемлекеттік корпорациясы» қызметкерлерімен «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын қарастыру семинар – кеңесі

   2019 жылғы 29 шілдеде Ұзынкөл аудандық мемлекеттік архивінің маманы Э.Кожахметова Ұзынкөл ауданының «Азаматтарға арналған үкімет» «мемлекеттік корпорациясы» қызметкерлерімен ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы №133 бұйрығымен бекітілген «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын талқылады.

Семинар барысында «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын қатаң сақтап, сұрау салуларға қатысты ақпаратты арызда толық баяндау, тақырыпқа қатысты шаралар қолдану туралы шешім қабылдады.




Мемелекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат

      28.06.2019ж ГУКО Ұзынкөл ауданының архив бөлімшесі брошюралар мен парақтарды тарату туралы акция өткізді және мемлекеттік қызметтерді алудың артықшылықтары туралы парақшалар, «Архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік анықтамалардың көшірмелерін беру». Акцияның мақсаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің және «электрондық үкімет» порталының мүмкіндіктері туралы хабардарлық деңгейін көтеру болды.

    Нефициарларға түсініктемелер берілді, «электрондық үкімет» порталы арқылы сұраныс беру туралы брошюралар таратылды.Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтініш беру кезінде және қажетті мерзімде қажетті құжаттар бойынша ақпарат берілді.

22 адам қатысты.


Ел жүрегі - Нұр-Сұлтан


Биыл елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласына мерейлі 20 жыл толып отыр. Айтулы мерекеге орай Ұзынкөл аудандық мемлекеттік архивінде іс шара өткізілді. Мерекелік шара барысында Нұр-Сұлтанның алғаш құрылуы мен даму тарихынан бастап, бүгінгі жарқын келбетінің қалыптасуына дейінгі күрделі кезеңді қамтыған қызықты әнгіме болды. Қазіргі танда Нұр-Сұлтан еліміздің көрікті қалаларының бірі не айналып отыр. Евразия жүрегіндегі келбетті заманауи жасалған ғимараттарымен, асем сәулет өнерімен. Евразия жүрегінде орналасқан әсем ғимараты бар, көрнекті сәулет өнерімен салынған көздің жауын алады. Елорданың тұрғындары қонақжайлы, адамгершілігі мол жандар. Қазақстандықтар елеміздің Нұр-Сұлтанымен қуанамыз, мақтан етеміз, болашағына сенеміз. Іс – шараға № 1 Ұзынкөл орта мектебінің оқушылары қатысты.


Ұлы Жеңіс күніне арналады

    

        Биыл Ұлы Жеңістің 72 жылдығы. Осынау қуанышы мен мұңы аралас мереке қарсаңында халқымыздың асыл ұлдары мен қыздары жайлы айтпау мүмкін емес. Олар әрдайым халық жадында. Соғыс жылдары ерлік көрсеткен ерлеріміздің есімдері біздер үшін аса құрметті және қымбат. Олардың алдында ұрпақтары мәңгілік борышты.

    Ұлы Жеңіс күні қарсаңында «ҚОМА» ММ филиалы «Ұзынкөл ауданының мемлекеттік архиві» 2016 жылдың 5 мамырда № 1, 2 Ұзынкөл ОМ оқушыларына арнап мектеп сабағы мен экскурсия өткізді.

    Мектеп сабағында архив басшысы А.Ташенова «Ұзынкөл мұрағатында сақталуда», «Құжаттар баяндайды» фотоқұжаттық экспозицияларымен таныстырды. Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер жерлестеріміздің архивте сақталған құжаттарын көрсете отырып, балаларға ол кісілердің өмірбаяндарын, әрқайсысының соғыс кезіндегі бастан кешкен оқиғалары туралы әңгімелеп берді.

   Экскурсияда мұрағатшы Н.Аканова Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің құжаттарымен таныстырды, өмірбаяндарына тоқталып, газет беттеріне шыққан мақалаларын оқып берді. Оқушылар әңгімені қызыға тыңдады, батыр аталарына арнап өлең, жырларын жатқа айтып берді.

    Экскурсияның мақсаты - өсіп келе жатқан жас буынға Отанын сүюге, қорғауға, туған жерінің тарихын білуге, ата- бабаларының қан майданда көрсеткен ерліктерін мәңгі естерінде сақтауға үйрету, яғни патриоттық тәрбие беру.

Барлығы 35 оқушы және ұстаздар қатысты.



Ұзынкөл архивінде семинар өткізілді.


                                 

2017 жылдың 10 ақпанында Ұзынкөл аудандық мемлекеттік архивінде семинар өткізілді. Семинарға іс жүргізу жұмысына жауапты мамандар қатысты.   Семинарда іс жүргізу барысында ең маңызды сұрақтар қарастырылды.

- 2017 жылға істер номенклатурасын құрастыру;

- істер құрылымының тәртібі, өңдеу, ведомстволық және мемлекеттік архивтерге тапсыру;

- құжаттарды ғылыми –техникалық өңдеу.

Архивист М.Жоламанова алдымен істер номенклатурасына тоқталып өтті. Істер номенклатурасы міндетті түрде архивтер Басқармасының СТК хаттамасымен келісілу керектігін ескертті. Ол құжаттардың тігілуін, өңделуін, тізімдеме жазуды іс жүзінде көрсетті.

             Соңғы сұрақ бойынша архивист Н.Аканова сөйледі. Ол «Архив анықтамаларын беру» көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы, «Архив анықтамаларын беру» регламенті және паспорты туралы айтып берді.

Қатысқандар 12 маман.





Біздің Отанымыз –тәуелсіз Қазақстан!


1991 жылдың 16 желтоқсанында еліміздің жаңа тарихи кезеңі басталды. Тәуелсіздік. Бұл киелі ұғымның қай кезеңдегі ұрпақ үшін де маңыздылығы жоғары. 25- жылына аяқ басқан егемендігіміздің тарихы өте тереңде жатыр. Қазақстан –бүгінде тәуелсіз мемелекет. Тәуелсіз мемлекетте өмір сүру баршамыз үшін үлкен бақыт.

2016 жылдың 18 қарашасында Ұзынкөл аудандық мемлекеттік мұрағатында Тәулсіздіктің 25 жылдығына арналған «Біздің Отанымыз –тәуелсіз Қазақстан» тақырыбы бойынша №1 Ұзынкөл орта мектебінің оқушыларына экскурсия өткізілді.

Экскурсияны архивист Н.Аканова жүргізді. Мұрағатшы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-жылдығына және Қостанай облысының 80-жылдығына арнап дайындалған «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тұрақты фотоқұжаттық көрмесімен таныстырды. Көрме құрамындағы құжаттар тәуелсіздіктің соңғы жылдарында ауданымыздың ауылшаруашылық кәсіпорындарының дамуын, әлеуметтік саласындағы жетістіктерді баяндайды.

      Экскурсида №1 Ұзынкөл орта мектебінің 5-6 сынып оқушылары мен мұғалімдері қатысты.

ХҚКО қызметкерлерімен семинар

   Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 2016 жылдың 26 қыркүйекте Ұзынкөл аудандық мемлекеттік архиві Ұзынкөл ауданының ХҚКО қызметкерлерімен семинар өткізді. Семинарға Ұзынкөл ауданының ХҚКО басшысы және қызметкерлері қатысты.

Іс –шараны Ұзынкөл ауданы архивінің басшысы А.Т.Ташенова бастады. Ол архивтің негізгі қызметі туралы, яғни мұрағат құжаттары мен мұрағаттық қорларды пайдалану, «Мұрағаттық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ҚР мен ТМД елдерінің жеке және заңды тұлғаларына берілетін туралы айтты.

Архивтің маманы Н.А. Аканова «Мұрағат анықтамаларын беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметтің регламентіндегі енгізілген өзгертулер туралы, сонымен қатар ХҚКО негізгі баламада мұрағаттық анықтама алу бойынша арыздарды қалай қабылдау және арыздарды толтыру кезіндегі бірнеше ерекшеліктерін айтып өтті.

   Семинар соңында азаматтардан арызды қабылдау бойынша сұрақтар талқыланды.


              Аталар ерлігі –ұрпақ есінде


 

   «Ұзынкөл ауданының мемлекеттік архиві» «ҚОМА» ММ филиалында 2016 жылдың 25 сәуірінде № 1 Ұзынкөл ОМ оқушыларына арналған «Аталар ерлігі –ұрпақ есінде» тақырыбы бойынша экскурсия өтті.

   Мұрағатшы С.Устименко экскурсияға қатысушыларға «Ұзынкөл мұрағатында сақталуда», «Құжаттар баяндайды» фотоқұжаттық экспозицияларымен таныстырды. Фотоқұжаттық экспозицияда Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер жерлестеріміздің фотолары, орден-медальдарының, куәліктерінің көшірмелері қойылған.

    Экскурсияның мақсаты - өсіп келе жатқан жас буынды Отанын сүюге, қорғауға патриоттық тәрбие беру, туған жерінің тарихын білу, ата- бабаларының қан майданда көрсеткен ерліктерін мәңгі естерінде қалдыру.

Экскурссияға 14 оқушы қатысты.

хат жіберу