Блог статистикасы
195
Жазбалар
4944
Өтініштер
198197
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Имена героев не забыты страной


 

Биыл Ұлы Жеңістің 71 жылдығы. Осынау қуанышы мен мұңы аралас мереке қарсаңында халқымыздың асыл ұлдары мен қыздары жайлы айтпау мүмкін емес. Олар әрдайым халық жадында. Соғыс жылдары ерлік көрсеткен ерлеріміздің есімдері біздер үшін аса құрметті және қымбат. Олардың алдында ұрпақтары мәңгілік борышты. Сол ерлерімізді ұмытпау мақсатында Ұзынкөл архивінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің сақтаудағы жеке тектік құжаттарын пайдаланып іс – шаралар өткізіп отырады.

2016 жылдың 5 мамыр күні Ұзынкөл аудандық мемлекеттік архивінде осы мерекеге орай №2 Ұзынкөл орта мектебінің 8 сынып оқушылары үшін экскурсия өткізілді.

   Экскурсияда архив басшысы А. Ташенова архив қызметкерлерімен дайындалған «Ұзынкөл архивінде сақталуда», «Құжаттар баяндайды» фотоқұжаттық көрмелерімен, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің құжаттарымен таныстырды, өмірбаяндарына тоқталып өтті. Оқушылар әңгімені қызыға тыңдады, батыр аталарына арнап өлең, жырларын оқып берді. Барлығы 17 оқушы қатысты.

хат жіберу