Блог статистикасы
195
Жазбалар
4945
Өтініштер
198267
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Мұрағатта ашық есік күні

Ұзынкөл аудандық мемлекеттік архивінде АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

2019 жылдың 4 қыркүйекте Ұзынкөл аудандық мемлекеттік архивте АШЫҚ ЕСІК КҮНІ өтті. Архивтің 30- жылдығына орай №1Ұзынкөл орта мектебінің оқушыларына экскурсия өткізілді. Оқушылар экскурсияның жақсы өткенін айтты, сонымен қатар оқушыларға кішкене сыйлықтар таратылды.

Ашық есік күні архив мамандары келушілерді қабылдап, оларға кеңес берді. Архив басшысы А. Ташенова іс-шараның өткізілу мақсатын айта отырып, архивте сақтауда тұрған фотоқұжаттардың және құжаттар басылымын жариялау мен пайдалануы туралы айтып кетті. Келушілерге архивист Э.Кожахметова көлемді экскурсия өткізді. Мұрағатшы келген қонақтарға құжаттарды ғылыми – техникалық өндеуден өткізілуі және құжаттарды қабылдауы, тапсырылу туралы мәлімет берді. Архивтің негізгі міндеттерінің бірі «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша архивист А.Кузенбаева кеңес берді. Келушілер архив ұжымына жұмыстарына сәттілік тілеп, өздерінің жаксы пікірлерін білдірді.


     Қостанай облысының 80 жылдығын мерекелеу барысында «ҚОММ» ММ филиалы «Ұзынкөл аудандық мемлекеттік мұрағаты» 2016 жылдың 13 қыркүйекте Ашық есік күнін өткізді.

    Келушілерге мұрағат басшысы және архивистер экскурсия өткізді. Экскурсия барысында архивтің негізгі қызметі туралы, яғни құжаттарды қабылдау, есепке алу, сақтау және пайдалану туралы айтылды. Содан басқа құжаттарды пайдалану барысында архив қызметкерлері жасаған әр түрлі тақырыптағы фотоқұжаттық көрмелер, фотоальбомдар, жерлестеріміздің танымал шығармалары жазылған кітаптар көрсетілді.

        Архивтің тағы бір негізгі жұмысы «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі туралы архивист Н.Аканова айтып берді.     

    Келушілер көптеген қызықты сұрақтар қойып, өздеріне керекті жауаптарын алды, алғыс сөздерін айтып, үндеу кітабына тілектерін жазды.

хат жіберу