Блог статистикасы
195
Жазбалар
4945
Өтініштер
198362
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Қостанай облысы мемлекеттік архиві» ММ филиалы «Ұзынкөл аудандық мемлекеттік архиві» 2017 жылдың «Мұрағаттық анықтамаларды беру» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі есеп

«Қостанай облысы мемлекеттік архиві» ММ филиалы «Ұзынкөл аудандық мемлекеттік архиві» 2017 жылдың «Мұрағаттық анықтамаларды беру» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі есеп

   «Қостанай облысы мемлекеттік архиві» ММ Ұзынкөл аудандық мемлекеттік архиві заңды тұлғасының филиалы болып табылады.

«Мемлекеттік қызмет туралы» 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасының Заңына, Мәдениет және спорт министірінің 2017 жылы 07 наурыздағы бұйрығына енгізілген өзгерістерімен «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына, Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 317 Қаулысымен бекітілген «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентіне сәйкес, аудандық архив «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді. Ұзынкөл аудандық мемлекеттік архивімен «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі бойынша 2017 жылы 1378 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 307, пайыздық көрсеткіш 22,3 % құрады.

     Аудандық архивінде «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі тегін беріледі. Барлығы 1378 мемлекеттік қызмет тегін түрде көрсетілді. Барлық 1378 мемлекеттік көрсетілген қызмет қағаз түрінде ұсынылды.

    2018 жылы «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерден бір стандарт пен бір регламент бекітілді.

    Архивтік анықтамалар түрі бойынша есептілік мерзімде ең көп талап етілген еңбек өтілін анықтау жөнінде 77,1 % құраса, әртүрлі мазмұндағы архивтік анықтамалар 22,9 % құрады.

    Қызмет алушыларға толық және нақты ақпараттар қабырғада қызмет алушылар үшін «Ақпарат - Информация», қызмет алушыларға көмекке құжаттар пакеті, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына кіретін тізімі және басқа да «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша құқықтық актілері туралы ақпараттар ұсынылды.

    «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің айқын жүруін қамтамассыз ету мақсатында жыл бойы баламалы негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша іс-шаралар өткізілді.

    2017 жылдың 22 қарашасында кесте бойынша Бауман селолық округінде «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет баламалы негізінде, «Азаматтарға арналған үкімет» (ХҚКО) корпорация және «арқылы көрсетілетінін түсіндіру бойынша іс – шара өткізілді, «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет «Электрондық үкімет» порталы берілетіне туралы кітапша дайындалды, сонымен қатар Ашық есік күні өткізілді. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасымен қанағаттандыруды және олардың қол жетілімділігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет алушылармен баламалы негізінде мемлекеттік қызметті көрсету туралы телефон байланысы бойынша, жеке келу кезінде түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

      Барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтердің регламентіне және стандартына сәйкес беріледі. Мемлекеттік қызметті көрсету жұмысы кезеңінде қызмет алушылардан қызмет берушінің адресіне немесе лауазымды тұлғаларға шағымдар және жазғырулар түскен жоқ. Мелекеттік қызметті көрсету кезінде негізссіз бас тарту немесе ауытқу тіркелмеген. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасына өткізілген ішкі бақылауға орай ескерпелер жоқ. Келешекте аса тиімді сапалы мұрағаттық анықтамалар беру мемлекеттік қызметті көрсету үшін архив мамандарымен, БАҚ, мемлекеттік корпорация мамандарымен, аудан басшыларымен әрі қарай бірлескен жұмыс, сонымен қатар архив мамандарының арасында өндірістік оқу өткізілуі жалғастырылады.

        Басшысы                                                          А.Ташенова

         31.01.2018 ж.

хат жіберу