Блог статистикасы
195
Жазбалар
4936
Өтініштер
196809
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Россия ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

«Ұзынкөл ауданының Россия ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Ауылдық округінің әкімі Нұржанов Марат Молдыбайұлы

Пошта мекенжайы: 111813, Тайсойған ауылы, Ұзынкөл ауданы, Қостанай облысы,

Телефон/факс: 87144436376

Электронды адрес: akimat.rossiya@mail.ru

Сенім телефоны: 87144436376




Өмірбаяны

Нұржанов Марат Молдыбайұлы 1964 жылы 13 қазанда Қостанай облысының Демьян ауданының Обаған аулында туған, ұлты – қазақ.

Білімі жоғары, 1995 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетің «биология мұгалемі» мамандығы бойынша бітірген.

Соңғы жұмыс орны – Обаған орта мектебінің БӘД мұгалемі.

2015 жылғы 20 қырқүйектен бастап Россия ауылдық округі әкімі болып жұмыс істейді.

Үйленген, 2 баласы бар.




«Ұзынкөл ауданының Россия ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлердің

ТІЗІМІ

№ п/п

Лауазым

Т.А.Ә.

Жұмыс телефоны

1

Ауылдық округінің әкімі

Нуржанов Марат Молдыбаевич

36-2-76

2

Бас маман

Утельбаева Арина Бекетовна

36-2-76

3

Бас маман

Темный Сергей Владимирович

36-2-76

4

Әдіскер

Сейдалин Жомарт Маратович

36-2-76




                                                                                   

2019 жылдың ІV тоқсанына арналған

«Ұзынкөл ауданының Россия ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау КЕСТЕСІ

Лауазымы

Аты, әкесінің аты, тегі

Қабылдау күні мен уақыты

Қызмет телефоны

Ауылдық округінің әкімі

Нұржанов Марат Молдыбайұлы

сейсенбі: 900 – 1830

үзіліс:    1300 -1430

бейсенбі: 900 – 1830

үзіліс:    1300 -1430

36-2-76

демалыс күні – сенбі, жексенбі

«Ұзынкөл ауданының Россия ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мекен - жайы:

Тайсойған ауылы

Сенім телефоны: 36-2-76

           «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы зандарын бұзу фактілерін жол берген   мемлекеттік мекемелерінің лауазымды тұлғалары туралы хабарлау үшін «Ұзынкөл   ауданының Россия ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 3-62-76 сенім телефоны жұмыс істейді.           

Ауылдық округі әкімінің функциялары

Ауылдық округінің әкімі тиiстi аудандық әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

- азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

- салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

- әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;

- әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды;

- азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

- өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

- аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

- шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

- өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

- әділет органдары жоқ жергілікті жерлердегі ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

- тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

- табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

- қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;

- мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;

- қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

- халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

- ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

- жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

- қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

- шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

- жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

- шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

- жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

- мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

- өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

- елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

- туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

- кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

- жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

- аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізіледі, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады.

хат жіберу