Блог статистикасы
195
Жазбалар
4944
Өтініштер
198197
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Туған елге арнау

Туған елдің азаматы республикаға танымал сазгер Ерсайын Нарымбаев Ұзынкөлде.

Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасынан туындаған  «Рахмет саған,туған ел» кіші жобасының аясында  Ұзынкөл ауданы әкімдігінің «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» басшысы О.П.Резникованың ұйымдастырумен республикаға белгілі сазгер композитор, Қазақстан Республикасының спорт саласының құрметті азаматы, Д.А.Қонаевтың Кавалер орден егері   Ерсайын Бариұлы Нарымбаев   балалар шығармашылық үйінде шығармашылық ән кешін өткізді.

Ерсайын Бариұлы өнерсүйер қауымға «Аялдашы жастық шағым» әнімен жақсы танымал. «Бұрымды» деп басталғаннан-ақ көрерменнің жүрегін жаулап алады. Ерсайын ағаның «Ақшақар», «Ару», «Соңғы жапырақ» әндері де елге тарап кетті. Ерсайын Бариұлы Нарымбаев 1945 жылы Қостанай облысы Ленин ауданының Карл-Маркс совхозында дүниеге келген. Бала кезінен спорт, музыкаға, оның ішінде домбыра, баян, мандолина əәуес болып өсті. Мектеп жасынан қара өлең мен әуен-сазға жаны құмартты. Сокол ауылындағы орта мектепті бітірген соң, Мендығара педагоги­ка­лық колледжінің музыка мамандығына   оқуға түседі. Орта оқу орнын тамамдаған­нан кейін еңбек жолын оқу бітірген педагоги­ка­лық колледжінде музыка пәнінің мұға­лі­мі болып бастады.

Композитор Ерсайын Бариұлы жастайынан музыкадан бөлек спортты серік еткен жанның бірі. Ол Санаулы ғұмырында спорт саласына төккен еңбегі зор. 1973 жылы Торғай облысы ашылған соң, Арқалық қаласына жастарды қазақ күресіне тарту мақсатында барады. Мұңда талай жеткіншектерді балуандыққа үйретіп, ел алғысына бөленеді. Бойына біткен өнерге деген ыстық ықылас оны осы саладағы жақсы істерге бастамашы болуға ықпал етті. Мұның айғағы ретінде Ерсайын ағамыз Арқалық педагогикалық институттың спорт кафедрасының меңгерушісі, қалалық спорттың төреғасы, облыстық спорт комитетінің басшысы болған. Ағамыздың айтуынша 2000 жылы спорт саласындағы білімін Санк-Питербург қаласында жетілдірген. Спорт саласында 20 жылдан астам еңбек сіңіріп, Қазақстан республикасының спорт саласының құрметті азаматы атағын алған.

Дегенмен, Спорттан бөлек музыкалық өнерге деген ыстық ықы­лас пен риясыз сүйіспеншілік тұла бойы­на сан қырлы сезімге толы әуен болып өріле берді. Сол әуен оны өнердің үлкен ортасы – Алатау­дың баурайына алып келді. Ондағысы ән әлеміндегі ізденісін ұштау, шығармашы­лы­ғын шыңдау еді. Бірнеше өлеңге əән жазып, шығармашылығын одан әрі дамыта түсті. Соның жарқын көрінісі іспет­ті, елуге жуық әннің авторы 2010 жылы Алматы концерт залында алғашқы жеке шы­ғар­­машылық кешін өткізді. Бұл концертте ком­позитор Ерсайын Нарымбаевтың әндерін Мақпал Жүнісова, Тұңғышбай Жаманқұлов Есет Сәдуақасов, Мақсат Базарбаев, Бағлан Әбдірайымов, «Серілер» тобы және Жандос Әбдірайымов сынды қазақ эстрадасының белгілі жұлдыз­дары орындады. Жұртшылық жылы қабыл­да­ды. Тыңдарманына отаншылдық рух сый­лап, туған жерге деген махабба­тын оята алған әуенге көпші­лік­тің елті­­гені анық. Айта­лық, «Ару», «Аялдашы жастық шағым», «Ақшақар», «Соңғы жапырақ» әндері – үлкеннің де, кішінің де жүрегіне жол табатын болмысы бө­лек, бітімі таныс туған жер бояулары. Ал 2015 жылы композитор, әнші Ерсайын Нарымбаев республика сарайында «соңғы жапырақ» атты шығарма­шылық кешін өткізді. Аталған концерттер Ерсайын ағамызға шыңдалумен қатар, зор жауапкершілік жүгін де артқаны анық. Ең бастысы, ол композиторлық әуестігін адаспай тапқанын түсініп, ән әле­міне деген құштарлығы арта түсті. Сол құштарлығы оны биіктерге жетеледі. Ол жайында Ерсайын аға: «Музыкант мамандағы – өзгеге ұқса­май­тын, өзіндік өлшемі бар мамандық. Ол қоғам мен адамның рухани жан дүниесіне қызмет етеді. Музыка – әр кез ізгілікке дәріптеуші, жаңа­шылдықтың жақтаушы жаршысы. Махаб­­бат пен сағынышты қару еткен музыка қыз­меті ауыр әрі ардақты. Міне, осы әуестікті таңдағаныма ешқашан өкінбеймін» дейді. Иә, шынайы музыканың қоғамдағы рөлі зор. Ол қоғамдық сананың қалыптасуына күш салады. Ұйқыдағы ойды оятып, өмірдегі өзекті мәселелерге үңілтеді. Сырт көзге үстірт қара­ған адамға музыкант мамандығы жеңіл көрінуі мүмкін. Мүлде олай емес. Қызығы мен шы­жы­ғы қатар жүретін кәделі кәсіптің шынайы көрі­нісі көп. Сондықтан ол қоғам­дағы маңыз­ды мамандықтардың санатында. Бұны жете сезінген Ерсайын ағамыз аталған саланың қор­даланған мәселелерімен де айналысып келе­, талай ақын мен сазгердің алғысына бөленді. Жаны жайсаң Ерсайын ағамыз – уыздай ұйыған отбасының отағасы. Екі ұл мен бір қыз және екі неме­ре тәрбиелеп отыр. Ерсайын аға отбасына ғана емес, өзі тәрбиелеп жүрген өнерлі жас­тар­ға да әкеге тән мейірім, шуағын шаша білетін жан. Қанға сіңген қасиет нағыз тұлғаларды туды­рады. Сол тектіліктен тамыр тартқан қасиет Ерсайын ағаның да парасаттылығын пайым­да­тып, ұлт руханияты жолындағы ісін өрге жүз­­діріп келеді. Бүгінде 73-ке тол­ған композитор, сазгер Ерсайын Нарымбаев өмір мен өнер ұстанымына мы­ғым, туған жері Ұзынкөл ауданына келіп, «Рахмет саған,туған ел» атты ән кешін Ұзынкөл халқына арнады. Енде­ше, туған жерінің жыршысына айнал­ған азамат­тың алдағы шығармашылық беле­стеріне сәттілік тілеп, ән кешінен табы­лайық, ағайын демекпіз!

хат жіберу