Блог статистикасы
195
Жазбалар
4942
Өтініштер
198110
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
  • Ұзынкөл ауданы әкімдігінің «2020 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының жобасына.БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Ұзынкөл ауданы әкімдігінің «2020 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының жобасына.БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Ұзынкөл ауданы әкімдігінің «2020 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының жобасына.

«Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Ұзынкөл ауданы әкімдігінің «2020 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының жобасы әзірленді.

Осы шешімнің жобасын әзірлеудің мақсаты жұмыс берушімен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды бос немесе белгіленген квота шегінде берілген жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру болып табылады.

Жоба Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы              6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.

Аталған құқықтық-нормативтік актінің жобасы келесіні қарастырады:

ұйымдар кескінінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу.

Жобаның қабылдауы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу арқылы жұмыссыздықтан қорғау және халықты жұмыспен қамту үшін қажет.

Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Шешімнің жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында орналасқан: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2502608

хат жіберу