Блог статистикасы
196
Жазбалар
2859
Өтініштер
135720
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аймақ жаңалықтары

«Қазақстан – ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақтың иесі.

- «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» деген қағида қалыптасқан. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие, - деді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауында. Елбасы біздің кең-байтақ жерімізде жолдар бойында әркезде де өмір пайда болғанын және дамып отырғанын атап айтты.

Осыдан бірнеше жыл бұрын республикалық маңызы бар Сарыкөл-Ұзынкөл бағытындағы тас жолдың құрылысы тоқтап қалған болатын. Енді міне Елбасының салиқалы сараптал саясатының арқасында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша «Новопокров-Ұзынкөл» бағытындағы 30 шакырымға созылатын жолдың 11 шақырымы осы жылдың күз айына дейін күрделі жөңдеуден өтпек. Бұған үкіметтен 1,4 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Жол 100 пайыз отандық материалдардан салынып жатыр.

- Қазіргі кезде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Барлық жұмыстар кесте бойынша, өздеріңіз көріп тұрғандай алдымен жаңа жолды жөңдеуге кіріспес бұрын уақытша өтпелі жол салып жатырмыз. Ал 11 шақырым жолдың 3 шақырымын ескі асфальтан тазалап, құм мен тас төселді. Осы айдын ортасында өзіміздің негізгі жұмысымыз, яғни асфальт төсеуге кірісеміз. Оған дейін барлық дайындық жұмыстарының ішіндегі уақытша өтпелі жолы мен құм төсеуді аяқтаймыз,- деді учаске бастығы Леонид Жучков.

Жаңа жолдың құрылысында күн сайын 60-қа жуық бірлік ауыр және жеңіл техника түрлері, 80 адам жұмыс істейді. Жұмыс тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Леонид Жучковтың айтуынша салынып жатқан жолдың, құрылыс материалдарының сапасын «МТВ Company» ЖШС-нің жергілікті жердегі зертханасының мамандары тексеріп отырады. Жол құрылысын бас мердігер компанияның мамандарымен қоса тапсырыс беруші, техникалық қадағалау, басқа да органдардың инспекторлары, мамандары тексеріп жүр.

С.КОЖАНОВ.


хат жіберу