Блог статистикасы
196
Жазбалар
2738
Өтініштер
131669
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аймақ жаңалықтары

Жас ұрпақта жоғары адамгершілік, Отанды қорғауға дайындығын, ерлік, батырлық туралы ойды қалыптастыру және кәсіби бағдар беру мақсатында 21 мамырда Ұзынкөл ауданының шекара қызметінің ұйымдастыруымен №1 Ұзынкөл орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларымен «Край, в котором я служу» атты тақырыпта кездесу болып өтті. Кездесуде шекара комендатурасының ТЖӘ орынбасары майор Ербол Амирканұлы оқушыларға шекара қызметі туралы терең түсінік беріп, мемлекет үшін аталған қызмет түрінің маңыздылығын баяндады. - Мемлекет шекарадан басталады. Ел тыныштығының сақшысы болу әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Біраз жылдан кейін біздің орнымызды басып, ел іргесін күзететін сендер. Сол себепті де бүгін сендерді бізбен бірге тығыз байланыста бола отырып, жұмыс жасауға шақырамын. Қазіргі таңда әскери жоғарғы орнына түскеннен-ақ мемлекет барлық жауапкершілікті өз мойнына алады. Ол дегеніміз, киім, тамақ бәрі тегін беріледі. Сондықтан да, мектеп қабырғасынан әскери дайындықтары жақсы жастарға біздің тарапымыздан қосымша оң пікір ұсынылады, - дей келе, Елбасының еңбегі мен абыройы, адамгершіілік қасиеттерін сөз етті. Сонымен қатар Ұзынкөл шекара қызметкері майор Ербол Амирканұлы мектеп оқушыларына келесі оқу жылында әскери патриотық клубын аптасына екі мәрте шекарашылар мектепте тереңдетілген сабақ жүргізіп отыруына ұсыныс жасады. Отанды қорғау бойынша азаматтық борышын сезіну, әскери – қолданбалы пәндерді практикада алу және бекіту, әскерге дейінгі жастағы жастарда моральді – қайсар және физикалық қабілеттерін күшейтуді көздейтін дәрістерде әрбір оқушының қызығушылықтарын анықтап, сол бағытта үйретілмек, - деді шекара комендантының ТЖӘ орынбасары, майор Ербол Амирканұлы. Соңында, жасөспірімдер қызықтырған сауалдарына жауап алып, өздеріне жүктеліп отырған жауапкершілікке ұқыптылықпен кірісуге дайын екендерін жеткізді.

хат жіберу