Блог статистикасы
196
Жазбалар
2859
Өтініштер
135720
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аймақ жаңалықтары

Қысқаша «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» Бағдарламасы туралы

Қазақстанда «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу Бағдарламасы іске қосылды.

Бағдарлама бойынша қарыз алу үшін жеке тұлға мына талаптарға сәйкес келуге тиіс:

1) Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;

2) еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісінің болуы;

3) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешегінің болмауы;

4) Бағдарламаға қатысушы банкке өтініш берген сәтте меншік құқығында Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйінің болмауы.

Банктер қарыз алушыға Бағдарламаның талаптарына қайшы келмейтін қосымша талаптар белгілеуі мүмкін.

Банк ипотекалық тұрғын үй қарызын бергенге дейін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және банктің ішкі құжаттарына сәйкес қарыз алушының және қоса қарыз алушының (бар болса) кредит төлеуге қабілеттілігін бағалауды жүзеге асырады.

Бағдарламаның қолдану мерзімі белгіленбеген, яғни Бағдарлама мерзімісіз. Займды тек теңгемен ғана алуға болады. Қарызды бергені және оған қызмет көрсеткені үшін комиссия алуға банктерге тыйым салынған.

Тұрғын үйдің болмау мерзімі бойынша талап белгіленбейді. Қарыз алушы қарыз алу үшін Бағдарламаға қатысушы банкке өтініш берген сәтте меншік құқығында тұрғын үйі болмауға тиіс. Тұрғын үйдің болмауы жөніндегі талап тек қарыз алушыға ғана қолданылады. Тұрғын үйдің болмауы жөніндегі талап жылжымайтын тұрғын үй объектілеріне қолданылады, бұл ретте меншіктегі үлес жылжымайтын тұрғын үйдің жеке объектісі болып табылмайды.

Қоса қарыз алушыларды тартуға рұқсат беріледі. Бағдарламада қарыз алушылар үшін белгіленген талаптар қоса қарыз алушыларға қолданылмайды, оларға қойылатын талаптарды банк дербес белгілейді.

Бағдарламада өтелмеген ипотекалық тұрғын үй қарызы бар адамға қарыз беруге тыйым көзделген.

Басқа қарыздарыңыздың болуы Сіздің кредит төлеуге қабілеттілігіңізді бағалауға және Бағдарлама бойынша әлеуетті қарыз мөлшеріне әсер ететін болады.

Қарыз алушының кредиттік тарихындағы мерзімі өткен қарыздар қарыз алушының Бағдарламаға қатысушы банк жүзеге асыратын кредит төлеуге қабілеттілігін бағалауға теріс әсер етеді.

Бағдарлама бойынша қарыз алушының жасы бойынша шектеулер көзделмейді. Қарыз алушы қарыз мерзімін банкпен келісім бойынша айқындайды.

Бағдарлама талаптары барлығы үшін бірдей болып табылады, сондықтан азаматтардың жекелеген санаттары үшін қандай да бір жеңілдіктер көзделмейді.

Бастапқы жарна сатып алынатын тұрғын үйдің кепіл құнының 20%-ы мөлшерінде есептеледі. Сатып алынатын тұрғын үйдің кепіл құнын анықтауды қатысушы банк жүзеге асырады. Бастапқы жарна ақшалай қаражатпен енгізілуге тиіс. 20% мөлшеріндегі бастапқы жарна белгіленген мөлшер болып табылады және ол қарыз алғанға дейін бір төлеммен төленеді.

Сатып алынатын тұрғын үй орналасқан жер бойынша, сондай-ақ қарыз алушының нақты тіркелген жері бойынша шектеулер белгіленбейді.

Құрылыс салушыдан жаңа салынған, пайдалануға берілген тұрғын үйді ғана сатып алуға болады.

Бұрын алынған ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға рұқсат берілмейді.

Бағдарламаның талаптары және түсініктемелермен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ресми интернет-ресурсында http://www.nationalbank.kz/?docid=3539&switch=kazakh толығырақ танысуға болады.

Кеңес алу, түсініктемелер үшін Ұлттық Банкінің Қостанай филиалына Қостанай қ., Баймағамбетов көшесі, 195 мекенжай бойынша, 99-09-13, 99-09-24,99-09-10 тел., е-mail kost_80@nationalbank.kz арқылы, сондай-ақ «НБК Online» мобильді қосымша арқылы хабарласуға болады.

хат жіберу