Блог статистикасы
196
Жазбалар
2859
Өтініштер
135720
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аймақ жаңалықтары


Варваров ауылында күрмеуі қиын ауыз су мәселесі толығымен шешілді деуге болады. Бұған себеп, «Туған жер» бағдарламасы аясында «Кубышевское Агро» ЖШС-нің ауыл халқы үшін ауыз су ұңғымасын бұрғылауына 3 млн. теңге қаржы бөлгенің туралы газетіміздің өткен нөмірлерінде жазған болатынбыз. Бұдан үш-төрт ай бұрын журналистік іссапармен осы ауылға жолымыз түскен еді. Сол кезде Варваровка ауылы тұрғындары ауыз судан үлкен қиындық көріп жүргендеріне, олар оны жырақтағы Тойсай өзені маңынан тасып пайдаланып отырғанына куә болғанбыз. «Туған жер» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отырған, таяуда осы ауылда ауыз сумен қамту жүйесі қолданысқа енгілізіліп,   ауыл халқы үшін   қажетті көлемде сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жергілікті серіктестік те елді таза ауыз сумен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліп отыр. Өйткені, бұл мәселенің халық денсаулығына да, күнкөріс деңгейінің жақсара түсуіне де тікелей қатысы бар. Аталған ауылда су мәселесі қиындығын туғызып келгені рас. Тұрғындар күнделікті ауыз суды «Ұзынкөл су» серіктестіктен 40 литр суды 50 теңгеге сатып алып отырды. Енді ол күндер артта қалды.

Айтса айтқандай-ақ, Варваровка ауылына келгенімізде, жақында ғана пайдалануға беріл-ген су құбыры нысанына барып көрдік. Құрылыс барысында су тартқыш мұнара, ұзындығы 1 метрді құрайтын құдығы салыныпты. Су алу құрылғылары орнатылған алаң қоршалып, 350 мың теңгеге электр желісі тартылыпты. Ауыл халқына жеткізіп берген мұндай құрылыс өмірі болмаған деп те жатыр тұрғындар. Алайда күрмеуі қиын ауыз су мәселесенің бірінші кезеңі шешілгенмен, екінші кезеңінде су тазартын қондырғысы әлі орнатылмағаны, судың сараптамадан өтпегені ауыл халқы әлі де болса қорқыныш сезімінде. Себебі ауыз судың құрамында темір мен тұздың ауытқуы бар.

- Бүгінгі таңда ауыз су проблемасын толықтай шешу мақсатында екінші кезеңінде меморамдум келісімі бойынша 4 млн. теңге қаржы салынды. Салынған қаржыға алдағы уақытта су тазартқыштың екі түрі орнатылады, – дейді ауыл әкімі В.Н.Шерстюков.

Ел ырыздығын арттырып, көптің алғысын арқалаған «Туған жер» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан бұл бір ауылдағы іс. Келешекте су машақатын көріп отырған басқа да аудан тұрғындардың жанайқайы да осылайша оң шешімін тауып жатса игі.

хат жіберу