Блог статистикасы
196
Жазбалар
2859
Өтініштер
135720
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аймақ жаңалықтары

Өртке қарсы оқу жаттығы

Отынағаш ауылында 22-ші маусымда «От-2018» дала-орман өрттерін сөндіру бойынша өрт-тактикалық облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді. Бұл іс-шараға төтенше жағдай бөлімі, №12 өрт сөндіру бөлімі, аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық орталық ауруханасы, білім беру бөлімі, Ұзынкөл орман шаруашылығы, «Ұзынкөл су», аудан әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты. Облыстық командалық-штабтық оқу жаттығу сценарий бойынша 101 нөміріне дала өрті орын алғандығы жөнінде хабарлама келіп түсіп, шұғыл арада оқиға орнына өрт сөндіру қызметі келіп жетті. Шартты өртті ауыздықтауға көршілес ауылдардың да орман шаруашылықтарынан арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған. Жаттығуға жұмылдырылған тракторлардың көмегімен өрттің бағытыңдағы жер жыртылып, отқа қарсы қою жөнінде шешім қабылданды. Нәтижесінде тілсіз жау толықтай сөндірілді. Өртті сөндіру кезінде жарақат алынған өрт сөндірушілерге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, аудандық ауруханаға жедел-жәрдем көлігімен жеткізілді. Іс-шара барысында бір мезгілде Отынағаш ауылының тұрғындары арнайы автобуспен эвакуацияландырылды. Жаттығу нәтижесінде шара өрт сөндіру кезінде қатардағы жеке құрамды тәжірбиелік тұрғыдан машықтау, өрт шыққандығын анықтаған жағдайдағы іс-әрекеттері, жеке құрамалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өрт сөндіруге ерікті жеке құрам қызметкелерінің төтенше жағдайға дайындығын және өртті өшіру тәжірбиесін анықтау деп қойылған басты мақсатына жетті деген тұжырымдама жасалды.

С.Кожанов

хат жіберу