Блог статистикасы
196
Жазбалар
2859
Өтініштер
135720
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аймақ жаңалықтары

Ораза айт мейрамы күндерінде

30 күн ораза ұстап, айт мерекесімен аман-есен қауышқан мұсылман қауым «Балықты» мешітіне келіп бір сапта тұрып, Аллаға құлшылық жасап, айт намазын оқыды.Мешітке жиналған жамағат айт намазынан соң, бір-бірін мерекемен құттықтап жатты. 12 айдың сұлтаны Рамазан биыл 29 күнде өте шықты. Ал Ораза айттың қасиетті жұма күніне тұспа-тұс келуін жамағат жақсылыққа жорып жатты. «Балықты» мешітінің ұйымдастыруымен «Ораза айт» мейрамына арналған жасөспірімдер мен қыздар арасында дзюдо   күресінен жарыс болып өтті. Жарыс 7 салмақ дәрежесі бойынша, Ұзынкөл ауданының мектеп оқушылары қатысты. Қыздар арасында дзюдодан С.Щербина, К.Сарсенова бірінші орын алса, ұлдар арасында И.Алмасов, Р.Исергепов, Д.Саттабаев, Б.Жакантаев, К.Родионовтар бірінші орынға ие болды. Барлық қатысушыларға ақшалай сыйлықтар тапсырылды. Ораза айт мерекесінде «Балықты» мешітінің бас имамы Есенгелді қажы Сақтағанұлы мұсылман жамағатын айтулы мерекемен құттықтап.

- Елбасы мен Дінбасымыздың қолдауының арқасында Ораза айт мейрамын ұлттық нақышпен өткізіп, болашақ жас ұрпақтың бойына имандылықты айтсақ, жақсылық істерімізді үйретсек, үлкен өмірге салиқалы істерді жасайтыны сөзсіз. Имандылық тәрбиесін алған ұрпақтарымыздан зор үміт күтуге болады, - деп жүрек жарды тілегін айтса, «Балықты» мешітінің ақсақалдар мүшесінің төреғасы Кенесары Омарұлы барша жамағатты Ораза айтымен құттықтап, әр адамның жасаған жақсылықтары, құлшылықтары сауаптан жазып, екі дүниенің бақытына бөленсін, деп ақ тілегін білдірді. Мешіт хатымханасында дастархан жайылып, келген жамағаттар жайылған дәмдерден алып, «Балықты» мешітінің хатиб имамы Есенгелді қажы Сақтағанұлы «Ораза айт» турасында уағыз айтып, баршаға тартымды етіп жеткізді. Ақ дастархан басында ақсақалды аталар, ақжаулықты әжелер бірге отырып, әңгіме дүкен құрып, ақ тілектерін білдірді.

                                                                                                              С.Кожанов

хат жіберу