Блог статистикасы
196
Жазбалар
2859
Өтініштер
135720
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аймақ жаңалықтары

Мерейтойын құтты болсын, мектебім!

Өткен аптада №1 Ұзынкөл орта мектебі өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтті.

Мерейтой Астана қаласының жиырма жылдығымен бірлесе келген мерекеміз осы жылдар аралығында талай түлектерді тәрбиелеп, еліміздің білім кеңістігінде білім беру ордасы ретінде ерекше орын алды десек артық айтпаған болар едік. Жарты ғасырлық тарихы бар білім ордасы 1968-2018 жылдар аралығында мыңдаған жас ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатты. Мектептің 50 жылдық мерейтойын атап өтуінің басты мақсаты - өткен жылдардан сабақ алып, қазіргі заманға сай мектептің алдында тұрған мақсатқа тағы да бір серпін беру. Мерейтойға шақырылған ардагер ұстаздар, мектептің бұрынғы түлектері білім ұясының бүгінгі күнгі жетістіктеріне куә болып, қуанышқа кенелді. Мерейтойға арналған салтанатты шараға аудан әкімі Қайрат Тынымбайұлы Абишев арнайы қатысып, сөз кезегінде жылы лебізін білдіріп мектеп басшылығы мен жиналған жұртшылықты осынау атаулы күнмен шыңның шыңын бағындырған шәкірттерді тәрбиелеуде аянбай еңбек еткен ұлағатты ардагер ұстаздарды 50 жылдық мерейлі күнімен шын жүректен құттықтады. Содан соң сөз кезегі аудандық мәслихаттың хатшысы Алтынай Сабырқызы Бараншинаға берілді. Ол өз сөзінде бұл мектептің тарихы маған жақсы таныс. Себебі бұл мектепте көп жылдар бойы жетекшілік еттім, - деді.- Әрдайым осы мектептің түлегіміз деп қанатымызды қомдап, қайда жүрсек те қуаныш сезімі кеудемізді кернеп айта жүреміз. Талайлардың бағын ашқан алтын ұямыз бен асыл ұстаздарымызды әрдайым мақтаныш етеміз. Сондықтан білім бәсекесінде тек аудандық деңгейде ғана емес, облыстық көлемде зор маңызға ие мектептің 50 жылдық мерейтойы – ортақ қуанышымыз, - деді аудандық мәслихат хатшысы.

Мектептің іргетасы қаланғалы аталмыш білім ордасында алғашқы түлетердің бірі болған «Тойсай» ЖСШ-нің басшысы Ұзақбай Садықұлы Агайдаров, Ұзынкөл ауданының бұрынғы мәслихат хатшысы, еңбек ардагері Валерий Петрович Вербовой, сонымен қатар педагогиқалық еңбек ардагерлері Г.Б. Баймухамбетова, В.Г.Гурьянова, В.В.Огей, В.С.Яниндар болды. Бір-бірімен ұзақ жылдар бойы қауышпаған жандардың бірі қуаныш жасын шығарса, енді бірі сыр шертетін фильмдерден оқушы кездеріндегі фотосуреттерін көріп, өткен жылдарды еске алып отырды.

Бағдарламада жылы лебіздер де айтылды, ән мен биге толы болған аталмыш концерт жылы, жолдастық қалыпта өтті десек артық айтпаспыз. Мектеп директоры К.Х.Алиев пен педагогикалық ұжымы мерейтойға үлкен   жауапкершілікпен дайындалып, ойдағыдай өткізуге тырысқаны байқалды. Мектептің жартығасырлық мерейтойы би кешімен аяқталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша атынан мерекелік іс-шараның ұмытылмастай, әрі жоғары деңгейде өтуіне қаржылай көмек көрсеткен жергілікті «Тойсай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Ұ.С.Агайдаров, «Вербовой» шару қожалығының басшысы В.П. Вербовой болды.

Өркениетті қоғамды дамытудың ең басты қозғаушы күші – білім десек, білімнің негізі мектеп қабырғасында қаланады. Болашақта Отанымыздың, ауданымыздың гүлденуіне мектеп өз үлесін қоспақ. №1 Ұзынкөл орта мектебінің ардагер ұстаздарын, ұжымын, мектеп түлектері мен оқушыларын 50 жылдық мерейтойларымен құттықтап, саналы ғұмыр тілейміз!

С.Кожанов

хат жіберу