Блог статистикасы
196
Жазбалар
2738
Өтініштер
131669
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аймақ жаңалықтары

Қайрат Тынымбайұлы Абишевтың қатысуымен осы аптада кезекті аппараттық жиналыс барысында күн тәртібі бойынша «Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсетуі туралы» және «Білім беру нысандарының өртке қарсы жағдайлары жайлы» мәселелер қарастырылды. Ұзынкөл ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Н.Сандыбаевтың баяндамасында 2018 жылдың 4 айы ішінде жергілікті атқарушы органдармен 4505 қызмет көрсетіліп, оның ішінде, ЖАО арқылы - 1953 қызмет, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы - 544 қызмет, Электрондық үкімет порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы - 2005 қызмет жасалғанын атап өтті. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызмет көрсету саласында заңнамалықты сақтау мәселесі бойынша «Ұзынкөл ауданының ауыл шаруашылық бөлімі» және «Ұзынкөл ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» іріктелген тексерісін өткізді. Тексеру барысында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттың қазақша жазылған нұсқасы болмағаны бойынша 23 фактісі анықталды, қажетсіз құжаттарға сұраныс (7 фактісі), мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі белгіленген бизнес-үдерістерді сақтамау бойынша 2126 фактісі анықталды, Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттармен қарастырылған толық емес құжаттар пакеті 10 фактісі тіркелсе, сонымен қатар, бақылау іс-шараларын жүргізу барысында, Ұзынкөл ауданы әкімінің аппаратында көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жалған ақпарат беру фактісі анықталды. Ауыл шаруашылық бөлімін тексеру барысында ақпараттық жүйелерден тұратын құжаттарды талап ету бойынша 3 фактісі тіркелгені анықталды. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарындағы құжаттарды талап ету 39 фактісі анықталды. Тексеру нәтижесінде ауыл шаруашылық бөлімінің бір қатар қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Аудан әкімі Қайрат Тынымбайұлы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жеке мән беріп, талдау жасады. Кеткен қателіктерді жою, болашақта болдырмау ретінде ескертулер айтты. Сонымен қатар «электрондық қызметінің сапасын арттыру мемлекеттік қызметкерлерге тапсырма берді. С.КОЖАНОВ

хат жіберу