Блог статистикасы
196
Жазбалар
2738
Өтініштер
131670
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аймақ жаңалықтары

«Көктемнің әр күні жылға азық» дегендей, күннің қызуымен жердің сауыры жіпсіген бойда нәсібін жерден айыратын егіншілер қауымы жабдықталған техникаларын шығарып, қарбалас тірліктің қамына кірісті. Ұзынкөл ауданының жайқалтып егін өсіріп, ел игілігі үшін ерінбей еңбектенетін шаруа қожалықтары мен серіктестік диханшылары, жалпы ауыл шаруашылық саласында тер төгіп жүрген мамандар жылдағы дағдыларымен көктемгі дала жұмыстарын әлдеқашан бастап, тынбай жұмыс істеуде. Соның нәтижесінде бүгінде егін егу жұмыстарының басым бөлігі аяқталса, енді біразы еңсерілуге жақын. Дәл қазір ауданымызда диханшылыр жұмысының қызған шағы. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, ауданымызда көктемгі егіс жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Былтыр Киев ауылдық округінде құрылған «Абай агро-2017» ЖШС қазір дәнді-дақыл егуге кірісіп кетті. Округ бойынша көш бастап тұрған шаруашылық осы. Шаруашылық осыдан 1 жыл бұрын құрылған. Алғашында 5000 гектарға дән сеуіп, биыл серіктестік 7000 гектар жерге бидай егіп жатыр. Оның ішінде арпа, сұлы мен майлы-дақылдар да бар. Дақылдарды «Джон Дир челенджер» америкалық заманауи техниканың көмегімен жерге себілуде. Осы серіктестіктің жетекшісі Серік Камешов. Қазіргі кезде толассыз жауған жаңбыр егіс жұмыстарына тұсау болса да, көктемгі далалық жұмыстардың жүргізілу барысы ойдағыдай. Сонымен бірге жаздық дәнді, майлы, мал азықтық, дақылдар егілуде. Алайда, қолайсыз ауа райы егіс жұмыстарының уақытында бітуіне кедергі келтіргені анық, сонда да бар күшімізді салып егіп жатырмыз, - дейді серіктестік жетекшісі Серік Абдрахманұлы, – өздеріңіз көріп тұрғандай, мына клеткада біздің өңірімізде сұранысы жоғары зығыр мен бұршақ тұқымын 2000 алқапқа егіп жатырмыз. Сонымен бірге 1000 гектарға рапс өнімі, бидай «Омская», «Любава» сұрыптарын себеміз, – дейді серіктестік басшысы. Мал басын көбейтуді биылдан бастап қолға алған серіктестік «Герофорд» бұзауының 97 басын Ақмола облысынан әкеліп, 5 «Герофорд» бұқасын Солтүстік Қазақстан облысынан әкеліпті. Серіктестік болашақта жоспары ірі қара мал басын 1000 басқа жеткізу, сонымен қатар жылқыға бет бұрып, Қостанай тұқымды жылқыларды сатып әкелу жоспарында, сол бағытта жұмыстануда серіктестік ауласында бұрынғы қоралардың бәрін бұзып тастап, қазіргі берік құрылыс материалдарынан мал ұстау кешенін салды. Бірінде жанар-жағар май, бірінде қосалқы бөлшектер, бірінде құрылыс материалдары сақталады. «Абай агро-2017» ЖШС-нің машина-трактор паркі де осал емес. Автокөліктерін қоспағанда, «ХТЗ» (Т-150), «МТЗ» тракторларының өзі он шақты, Жаңадан сатып алыған комбайндар мен америкалық техникалары трактор паркінде толы. Алдағы уақытта шаруасы өрге басқан серіктестік одан әрі кеңейіп, дамуды жоспарлап отыр. Серік Абрахманұлының уақыты шектеулі болғандықтан мен де көп аялдай алмай, фотоаппаратымды ыңғайлап, көрген жайларымның қайсы бірін кадрге іліктірдім. С.КОЖАНОВ

хат жіберу