Блог статистикасы
196
Жазбалар
2738
Өтініштер
131671
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аймақ жаңалықтары

21 мамыр күні Ұзынкөл аудандық орталық кітапхананың оқу залында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Астананың 20 жылдығына орай №1 Ұзынкөл орта мектебінің оқушыларымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабінің таныстырылуы болды. Шараның мақсаты: Оқырмандарды жаңа кітаппен таныстыру, кітаптың мазмұнында баяндалған егеменді еліміздің 1991 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі тарихтан орын алған оқиғаларынан мәлімет беру. Отансүйгіштікке баулу, патриоттық қасиетін ояту. Шараға «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Н.С.Булатов, Тілдерді оқыту орталығының директоры З.К.Нұрмағамбетова, және орталық кітапхана директоры Н.А.Булатовалар қатысты. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры А.Булатова шараны қорытындылап, өзінің алғысын білдірді. С.КОЖАНОВ.

хат жіберу