Блог статистикасы
195
Жазбалар
3452
Өтініштер
147152
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аймақ жаңалықтары

Өткен аптада Балалар
шығармашылық үйінде
аудан әкімінің орынбаса-
ры Бауржан Мухамедяров

«Бастау-Бизнес» жобасы
бойынша оқу курсын
аяқтаған төртінші топтың
тыңдаушыларына сертифи-
каттар табыстады.
Аудан әкімінің орынбаса-
ры Бауржан Мухамедяров
болашақ кәсіпкерлерге
экономиканы дамытуға
қосып отырған үлесі үшін
алғыс айтып, табыс тіледі.
Жиында Кәсіпкерлер Пала-
тасының Ұзынкөл ауданын-
дағы филиалының бизнес
тренері Ильмаз Нұрғалиев
хабарлама жасап, жоба
аясында атқарылып жатқан
жұмыстардың барысын ба-
яндады. Ұзынкөл ауданында
үшінші төртінші лекке 24
адам қатысты. Бүгінде оның
13-і бизнес-жобаларын
қорғап, «Бастау-Бизнес»
кәсіпкерлік негіздерінің
жобасы» курсын аяқтаға-
ны туралы сертификатты
иеленді. Солардың ішінде
төрт тыңдаушы несие алуға
құжаттарын тапсырып
қойған. Бұл сертификат
кәсіпкерлікпен айналысу
үшін жылдық мөлшерлемесі
6%-бен арзан несие алуға
мүмкіндік береді. Қаты-
сушылардың барлығына да
сертификаттар берілді, ал-
дағы уақытта бизнес-жоба-
ларын сәтті қорғап, жеңіл-
детілген шартпен несие ала
алады. Еске салсақ, «Баста-
у-Бизнес» жобасына аудан,
ауылда кәсіпкерлікпен
айналысуға ниетті жұмыс-
сыз және өзін-өзі жұмыспен
қамтыған азаматтар қатыса
алады. Сонымен қатар
жеке бизнесін ұлғайтуды
қалайтын кәсіпкерлерде де
тыңдаушылар қатарынан
көріну мүмкіндігі бар.

хат жіберу