Блог статистикасы
196
Жазбалар
2744
Өтініштер
131838
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аймақ жаңалықтары

Біздің ауданымыздың «Балықты» мешітінің бас имамы Есенгелді қажы, Асхат қажы басқарып отырған Алла үйінде қашан көрсеңде балаларымен бір іс-шаралар өткізіліп жатады. Мешіттің маңайын қыс-жаз күндерінде де тап-таза, жаз болса ерекше түрге енеді, неше түрлі гүлдер көз қызықтырады. Халықта мешіттің хатым ханасында əруақтарға ас беріп, құран оқытады, жиналған жамағатқа қажылар уағыз айтып, халықты имандылыққа, тазалыққа шақырады. Жуырда облыс, аудан көлемінде белгілі Есенгелді қажы өзінің еңбек қорлығының парасаттылығының арқасында еліміздің ат -төбеліндей ғана барған қажылармен бірге мұхитасып Америка еліне іс-сапармен барып келді. Ол да біздің Ұзынкөл ауданының абройы. Міне, он екі айдың ең қадірлісі айлардың сұлтаны «Рамазан» айы да келді. Халық ауыз бекітіп, ораза ұстап ауызашар беруде. 1 маусым балаларды қорғау күні осы тұста тойланды. Есенгелді қажы үлкендерге ғана емес, оқушы балаларымызға үгіт-насихат жүргізіп, оқытып отырады. Спорттық жарыстарды ұйымдастырып, міне осы күні мешітке балалар жиналып, қызықты жарыс өткізіп, қатысқан оқушыларға тапсырма беріп, оқу барысы, спорт тәрбие секторлары бар, олар Есенгелді қажыға маған мағлұмат беріп отырады. Міне, жарыс басталуға санаулы минуттар қалды. Спорт жөніңдегі жетекші Сұлтан сапқа тұрғызып қандай ойын түрлері өтетінін хабарлады. Асық ату, гір көтеруден арқан тартудан Әділет алдына жан салмады. Арқан тартудан екі топта тең түсті. Ал, халқымыздың ұлттық ойыны асық атудан балалар өздерінің бұл ойынды меңгеруі осал екенін көрсетті. Қазылар алқасы Әнуар ата мен Кенесары ата болды. Жарыс көңілді, қызықты өтті. Аталар балаларға баталарын берді. Қызықты ойын соңында Есенгелді қажы балаларды тамақтандырып, сыйлықтар тапсырды. Балалар Еліміздің болашағы, ұлтын елің сүйетін азаматтары. Б.КҮМАЖАНОВА, Ұзынкөл тұргыны.

хат жіберу