Блог статистикасы
196
Жазбалар
2738
Өтініштер
131671
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аймақ жаңалықтары

Жаз маусымының алғашқы күні ағымдағы жылдың 1-маусымында Қазақстан Республикасының Астанасы, бас ордамыз Астана қаласының 20 жылдығына арналған Ұзынкөл ауданында «Ел жүрегі - Астана» атты ұранмен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шара оқушылар шеруімен басталды. Балалар шығармашылық үйімен және аудандық мәдениет үйі қызметкерлері балаларға естен кетпес мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. Әдемі де, тартымды безендірілген шарада сайықмазақтар, орман жануарлары, тіпті мульфильм кейіпкерлері де болып балалардың көңілін бір серпілтті. Балаларды мерекемен құттықтаған Балалар шығармашылық үйінің директоры В.Лазарева: - Бүгінде елімізде сіздер үшін барлық жағдай жасалуда. «Балалар – біздің болашағымыз» деп тегін айтылмаған. Балғындардың қалыпты өмір сүруі үшін, дені сау, білімді алуы үшін, құқықтары қорғау үшін қажетті жағдайдың бәрін жасауға міндеттіміз. Елбасымыз Н.Назарбаевтың жас буынды тәрбиелеуге, олардың барлық өзекті мәселелерін шешуге, барлық салада жас дарынды қолдауға, көмек көрсетуге әманда көңіл аударып келеді,- деді. Бүлдіршіндер мерекелік концерттен бұрын Балалар шығармашылық үйінің алдында шеруге шықты. Осы күні Балалар шығармашылық үйінде түрлі тақырыпта әсемдеп, өрнектеп қағазға сурет салу байқауымен басталды. Әсіресе, кіп-кішкентай бөбектердің қиялдарынан туған суреттер ертеңгі күнге деген сенімділікті, көңілдеріндегі қуанышты аңғартып тұрды. Мерекеде Арзамас, Үкіатқан, Отынағаш, Бауман мектебінің оқушылары әннен шашу шашса, Пресногорьков және Чапаев мектептердің оқушылары халықтық би бишілері жиналғандарды тәнті етті. Түрлі ойындарға белсене қатысқан балғындар сыйлықтарға ие болды. С.КОЖАНОВ.

хат жіберу