Блог статистикасы
195
Жазбалар
3452
Өтініштер
147150
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аймақ жаңалықтары

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2018 жылғы «24» қыркүйек                                                                                   Қостанай қ.

Қазақстанда төртінші Цифрлық ХҚО ашылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қостанай қаласында цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығын ашты. Бұл республикадағы төртінші цифрлық ХҚО, осындай орталықтар Астана, Алматы, Шымкент қалаларында қызмет көрсетуде. Бұл жерде азаматтар мемлекеттік қызметтерді өздігінше, операторлардың көмегінсіз ала алады.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында азаматтарды мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға үйретуіміз қажет. Бұл үшін осындай орталықтарды барлық облыс орталықтарында ашу жоспарланған. Қазіргі уақытта цифрлық халыққа қызмет көрсету орталықтары Астана, Алматы, Шымкент қалаларында бар. Ал Қостанай қаласы үш мегаполистен кейін цифрлық ХҚО ашылған алғашқы облыс орталығы болды» - деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Қостанай облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Азамат Имамбеков.

Цифрлық ХҚО Тәуелсіздік көшесі, 46 мекенжайы бойынша («Метрополь» мейрамханасының бұрынғы ғимараты) бірінші қабатта орналасқан.

Ал ғимараттың екінші қабатына Қостанай қаласының №1 ХҚО-сы көшті. Осыған дейін бөлім Тәуелсіздік, 114 мекенжайы бойынша орналасқан болатын. Бұған дейін азаматтар осы бөлімдегі жағдайды жақсартуды талап етіп, жиі шағымданатын еді. Осы ескертулер есепке алынып, заманға сай ғимартқа көшірілген №1 бөлім операторлар қызмет көрсететін 21 жұмыс үстелімен жабдықталды. Сондай-ақ Қостанай қаласының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша бөлімдері де осы ғимаратта қызмет ұсынып, жұмыс істейді.

Қостанай қаласында орналасқан басқа да фронт-офистердің мекенжайларын естеріңізге саламыз:

№2 бөлім – Гашека көш., 14;

№3 бөлім – Курганская көш., 31;

мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімі – Карбышев көш., 12/10.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбі - сенбі аралығында сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.

«Азаматтарға арналған үкімет»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Қостанай облысы бойынша

филиалының PR-менеджері

8 775 410 69 79

хат жіберу