Блог статистикасы
195
Жазбалар
4937
Өтініштер
196914
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Құрметті мектеп оқушылары, студенттер, ата-аналар!

Құрметті мектеп оқушылары, студенттер, ата-аналар!

Өмірдің қиын жағдайына тап болсаңыздар сіз әрдайым сенім телефонына хабарласып көмек алуыңызға болады.

Сенім телефоны – бұл шұғыл психологиялық көмектің тегін анонимдік қызметі.

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап Қазақстанда Бала құқықтары жөніндегі Уәкілінің бастамасы бойынша, балаларға, жастар мен ата-аналарға көмек көрсету мақсатында нөмірі 111 бірыңғай call-орталығы жұмыс істейді. Аталған нөмір бойынша білікті мамандардың психологиялық және кеңес қызметін тәулік бойы және тегін алуға болады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетiнің 8 (7172) 742528 нөміріне хабарласып көмек ала аласыз.

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасында балалық шақты әлеуметтік қорғау бөлімі жанынан нөмірі 88000808833 сенім телефоны жұмыс істейді.

Психологиялық көмек көрсету бойынша дағдарыс орталығы - 8 (7142) 226532.

Құпиялылық және тегін көрсету – сенім телефоны жұмысының екі негізгі қағидаты.

Мұндай көмектің мақсаты – күйзеліс көңіл-күйді төмендетуге, өмірлік қиын жағдайды шешуге, балалардың құқықтарын қорғауға және отбасыны нығайтуға ықпал жасау.

хат жіберу