Блог статистикасы
195
Жазбалар
4922
Өтініштер
193627
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Ұзынкөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ коммуналдық меншік объектілерін сату жөнінен аукцион өткізеді

Мемлекеттік мүліктің тізілімі www.gosreestr.kz веб-порталында 2018 жылғы 09 ақпанда сағат 11.00-де сауда өтеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Ұзынкөл селосының коммуналдық меншік объектті сату.

АУКЦИОН.

Бағаны жоғарлату тәртібімен

«Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі»ММ

1.                  Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Пресногорьковка ауылы, Ленина көшесі 40 үйде орналасқан, жалпы көлемі 101,0 шаршы метр, автостанция ғимараты, баланс ұстаушы «Ұзынкөл ауданының Пресногорьков ауылдың әкімінің аппараты» ММ; Жағдайы – қанағаттанарлықсыз. Бастапқы бағасы – 568 000 теңге; Ең төменгі бағасы – 284 000 теңге; Кепілді жарна – 85 200 теңге;

2.                  Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Троебрат ауылы, Чапаев көшесі 15 үйде орналасқан, жалпы көлемі 476,0 шаршы метр, бұрынғы әкімдік ғимараты, баланс ұстаушы «Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі» ММ; Жағдайы – қанағаттанарлықсыз. Бастапқы бағасы – 3 890 000 теңге; Ең төменгі бағасы – 1 945 000 теңге; Кепілді жарна – 583 500 теңге;

3.                  Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Суворов ауылы, Зеленая көшесі 38 үй, 2 пәтерде орналасқан, жалпы көлемі 54 шаршы метр, бұрынғы шағын ғимараты, баланс ұстаушы «Ұзынкөл ауданының Суворов ауылдың әкімінің аппараты» ММ; Жағдайы – қанағаттанарлық. Бастапқы бағасы – 660 000 теңге; Ең төменгі бағасы – 330 000 теңге; Кепілді жарна – 99 000 теңге;

Назар аударыңыздар! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілім веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін;

4)байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail);

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-сы қойылған аукционға қатысуға өтінімді осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді.

Бағаны төмендету аукционды өткізу тәртібі:

Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы бағаны төмендету аукционының жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады(толық нұсқасын www.gosreestr.kz қараңыз). Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық өткізілген күні тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл селосы, Мүсірепов көш., 14, 105 бөлме, мекенжайы бойынша қол қойылады.

Сонымен бірге аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың түпнұсқаларын міндетті түрде ұсына отырып, құжаттардың көшірмелеріне немесе көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың; заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;

2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың;

3) шетелдік заңы тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдеріндегі нотариалдық куәландырылған аудармасымен бірге нотариалдық куәландырылған құрылтайшы құжаттарын ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасынан 15% құрайды Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ-ның деректемелеріне ЖСК KZ 529261501102032004 шотына енгізіледі, БСК KZKOKZKX, БСН 050540004455, банктің атауы: «Казкомерцбанк» АҚ, БеК 16, ТТК 171.

Сауда-саттық қатысушыларын тіркеу хабарламаны жариялау күнінен басталады және аукциона басталғанға дейін екі сағат қалған кезде аяқталады.

Қосымша ақпаратты 8 (71444)2-16-70, 2-15-96 телефоны бойынша алуға болады.

www.gosreestr.kz веб-порталын техникалық қолдау қызметі. Телефоны 8 (7142) 501 – 887.

хат жіберу