Блог статистикасы
195
Жазбалар
4939
Өтініштер
197236
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Ұлттық стандарттар мен жеңілдіктер алу туралы түсінік

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК жаңында Интернет-портал жұмыс атқарады, ол мемлекеттік органдардың нормативтік-техникалық құжаттарына, сондай-ақ ұлттық, мемлекетаралық, халықаралық, өңірлік стандарттары мен шет мемлекеттердің стандарттарына, қол жеткізу бойынша қызмет көрсету үдерісін айтарлықтай жеңілдетті.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды алу үшін www.egfntd.kz порталына кіріп, «Мемлекеттік органдардың нормативтік-техникалық құжаттары» бөлімін таңдап, немесе қажет болса, стандартты сатып алу үшін ұлттық және мемлекетаралық стандарттар мәтіндерін онлайн қарау бөліміне кіру қажет.

Веб-технологияларды пайдалана отырып, өнеркәсіп стандарттардың әртүрлі санаттар бойынша электрондық құжаттардың нұсқаларына қол жетімділікті қамтамасыз етеді, олардың қатарында:

ҚРСТ (Қазақстан Республикасының стандарты) - Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар мен қызметтерге қойылатын бекітілген нормалар мен талаптар.

ГОСТ (мемлекетаралық стандарт) стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы келісілген саясатты жүзеге асыру туралы Келісімге қол қойған мемлекеттер қабылдайтын стандарт болып табылады.

ГОСТ Р (РФ Мемлекеттік Стандарты) - Ресей Мемлекеттік Стандартының Сапа Жүйелері Тізімін сертификаттау жүйесі.

ISO (ISO стандарттау бойынша халықаралық ұйымның халықаралық стандарттары) – барлық салаларда тауарлар мен қызметтер үшін стандарт болып табылады.

Ол үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

1.     https://www.egfntd.kz/ сайтында «Жеке кабинет» кіріп, «Тіркеуден» өту.

2.     Авторизациядан өту («Логин» және «Құпия сөзді» енгізіңіз).

3.       Каталог арқылы қажетті стандартты таңдаңыз.

4.       Оны «Корзина»-ға қосып, «Төлем» тапсырысты рәсімдеуді өткізу.

5. Тапсырысты тексеру, одан кейін жеке кабинеттің «Менің шоттарым» бөлімінде орналастырылатын төлем үшін электрондық есепшот автоматты түрде жасалады.

6. Құжатты алу: төлеуден кейін құжаттар жеке кабинеттің «Кітапхана» бөлімінде ашық болады.

Бұдан әрі, сапа мен қауіпсіздіктің кепілі болып, өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын тиімді құрал ретінде, нарыққа қауіпті өнімдерді жеткізуге кедергі келтіретін сертификаттау болып табылады.

Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінде өнімдерді сертификаттау тәртібі

Өнімді сертификаттау, әдетте, келесі қадамдарды қамтиды:

1) сертификаттауға өтінім беру және қарау;

2) өтінім бойынша шешім қабылдау, соның ішінде сертификаттау схемасын таңдау;

3) сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізу туралы шарт жасасу;

4) сәйкестендіру, нұсқаларды іріктеу және оларды сынау;

5) сертификаттау схемасымен көзделген жағдайда, өндірісті бағалау;

6) алынған нәтижелерді талдау және сертификаттарды беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді қабылдау;

7) сертификатты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде тіркеу;

8) сертификатты беру;

9) сертификаттау схемасымен көзделген жағдайда, сертификатталған өнiмге инспекциялық бақылауды жүзеге асыру;

10) сертификаттау нәтижесі туралы ақпарат беру.

Ұлттық стандарттар бойынша талап келесі нормативтық құқықтык актілерде көрсетілген

Құқықтық негіз:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесіне сәйкес, Тапсырыс берушілер сатып алатын тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге мемлекетаралық стандарттар болмаған жағдайда ұлттық стандарттарды көрсететін техникалық спецификацияны әзірлейді.

Бұл ретте техникалық сипаттамалар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс. Қажет болған жағдайда техникалық ерекшеліктерде норамтивті-техникалық құжаттама көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 355 бұйрығымен бекітілген Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерімен сатып алу Ережесіне сәйкес, конкурстық құжаттамада сатып алынатын ТЖҚ-нің функционалдық, техникалық, сапалық және операциялық және басқа сипаттамаларын әрбір лот бойынша техникалық ерекшеліктің сипаттайтын, Қазақстан Республикасының өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен ұлттық стандартты немесе үкіметтік емес нормативін көрсете отырып егер бар болса және қажет болса, жоспарлар, сызбалар және эскиздер, сондай-ақ ТЖҚ-ның осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізімі көрсетілген.

хат жіберу