Блог статистикасы
195
Жазбалар
4939
Өтініштер
197236
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

"Бизнестің жол картасы 2020"



Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 168 қаулысымен
бекітілген

"Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы

1. Паспорт (негізгі параметрлері)

 

Атауы

"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

"Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығы; 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі

Үкіметтік бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органды көрсету

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

Мақсаттары

Өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру

Міндеттері

1. Ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар кәсіпкерлерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру.
2. Ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар кәсіпкерлерінің өндірістік қуатын ұлғайту.
3. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда кәсіпкерлердің бизнес бастамаларын кеңейту.
4. Өңдеуші өнеркәсіп өндірген өнім көлемін ұлғайту.
5. Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру.
6. Халықтың шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылуын ұлғайту.
7. Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты болатын валюталық тәуекелдердің кредит тәуекеліне көшуін болдырмау.
8. Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету.
9. Кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің құзыретін арттыру.
10. Кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өнімділігін арттыру.
11. Іскерлік қатынастарды кеңейту.

Іске асыру мерзімдері

2015 – 2019 жылдар

Нысаналы индикаторлар

Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау арқылы 2020 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады:
1. ЖІӨ құрылымында өңдеуші өнеркәсіптің үлесін кемінде 12,5 %-ға жеткізу.
2. ШОК-тың өнім шығару көлемін 2014 жылғы деңгейден 1,5 есеге ұлғайту.
3. Белсенді жұмыс істейтін ШОК субъектілерін 2014 жылғы деңгейден 50%-ға ұлғайту.
4. ШОК-та жұмыс істейтіндердің санын 2014 жылғы деңгейден 50%-ға ұлғайту.

Қаржыландыру көздері мен көлемдері

1) республикалық бюджет қаражаты:
2015 – 60 531 976 мың теңге;
2016 – 56 742 921 мың теңге;
2017 – 19 069 748 мың теңге;
2018 – 8 969 748 мың теңге;
2019 – 8 959 748 мың теңге;
2) жергілікті бюджет қаражаты:
2017 – 30 000 000 мың теңге;
2018 – 30 000 000 мың теңге;
2019 – 30 000 000 мың теңге;
3) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражатынан субсидиялауға 2015 жылы – 7 200 000 мың теңге, жетіспейтін инфрақұрылымды тартуға 2015 жылы – 9 781 530 мың теңге, 2016 жылы – 14 565 048 мың теңге.

хат жіберу