Блог статистикасы
196
Жазбалар
2675
Өтініштер
128239
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аймақ жаңалықтары

Фанит Батыргареевты еске алу жарысы
03.05.2018

Өткен аптада өмірден ерте озған талантты спортшы, еркін күрестен спорт шебері Фанит Рықымгерейұлы Батыргареевты еске алуға арналған аудандық турнир болып өтті. Ұзынкөл селосының БжЖСМ спорт залында спорт шебері Фанит Батыргареевты еске алуға арналған еркін күрестен 1999-2012 жылдары туған жасөспірімдер арасында аудандық турнир өтті. Турнирдің ашылу сәтінде аудан әкімінің орынбасары Б.Б. Мухамедяров сөз сөйлеп, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында атап өткендей туған еліне, туған жеріне еңбегі сіңген тұлғаларды өмірден өтсе де, еске алып, кейінгі ұрпаққа насихаттау керек екендігін айтты. Жас балуандардың күресін тамашалауға Фанит Батыргареевтің туған-туыстары Гульфариза Кайдаулова мен Рамзия Батыргареевалар келіп, сөз алып, балуандарға сәттілік тіледі. Ұзынкөл ауданында еркін күрестен бірінші рет ұйымдастырылған турнирге Қостанай қаласы, Қостанай ауданы, Науырзым ауданы, Сарыкөл ауданы, Алтынсарин ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ұзынкөл ауданынан 7 команда, 200-ге жуық спортшы бақ сынады. Жарыстың мақсаты – Қазақстанның спорт шебері Фанит Рақымгерейұлы еске алу, жасөспірімдер арасында еркін күресті дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, палуандардың спорттық шеберлігін арттыру, жасөспірімдерді достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу.

хат жіберу